A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жобалар мен байқаулар

«Полицияның жас көмекшілері» облыстық байқауы өткізілді

Санат: Жобалар мен байқаулар
Уақыты: 11.05.2016
Оқылды: 1101 Печать страницы
«Полицияның жас көмекшілері» облыстық байқауы өткізілді

Облыстық білім басқармасының 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдерді құқықтық мәдениет пен тәртіпке тәрбиелеу, құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Іле ауданы, Байсерке ауылындағы №28 мектеп-гимназиясы базасында жергілікті полиция қызметімен бірлескен «Полицияның жас көмекшілері» байқауы өткізілді.

Облыстық байқауға аудан, қалалардан құрылған 7 команда қатысты.

Байқау 6 кезеңнен саптық дайындық, үгітбригада, жас тілші, топ басшылар сайысы, эрудиттер турнирі, спорттық дайындық сайыстарынан тұрды. Байқау кезінде топ жасақтары өздерінің 2015-2016 оқу жылына құрылған жоспарларына сәйкес жүргізілген жұмыстарымен таныстырып, өздерінің құқықтық сауаттылықтарын, өнерлерін ортаға салды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Іле ауданының «Барыс» тобы, 1 орынды Еңбекшіқазақ ауданының «Ұлан» тобы, 2 орынды Қапшағай қаласының «Самрұқ» тобы, 3 орынды Талдықорған қаласының «Арлан» тобы иеленді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.