A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Жобалар мен байқаулар

ҮЗДІК ӘДІСКЕР

Санат: Жобалар мен байқаулар
Уақыты: 16.06.2016
Оқылды: 584 Печать страницы
ҮЗДІК ӘДІСКЕР

Алматы облыстық білім басқармасының  2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру, техникалық және кәсіптік оқу орындары әдіскерлерінің шығармашылық қабілетін дамыту мен  оқытудың жаңа технологияларын  айқындау және педагогикалық тәжірибелерді жетілдіру мақсатында «Үздік әдіскер-2016» байқауы ұйымдастырылды.  Байқауға  10 әдіскер қатысты. Байқау 3 кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең  колледждің оқу-әдістемелік жұмысының электронды  портфолиосы, екінші кезең техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарындағы әдістемелік қызметтің жобасын (үлгісін) таныстыру, үшінші кезең  әдістемелік қызметті ұйымдастыру аясындағы шебер-сынып.

Колледждің оқу-әдістемелік жұмысының электронды  портфолиосында қатысушылар сауалнамалық мәліметтерін және жеке жетістіктерін, әдістемелік жұмыстың мазмұнын, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын, оқу мекемесінің инновациялық оқу-өндірістік тәжірибесін, үздік педагогикалық тәжірибе жөнінде мәлімет банкы, үздік педагогикалық тәжірибені жинақтап, тарату бойынша мәлімет, тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмысын, теориялық және өндірістік оқытуда инновациялық, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізу, әдістемелік қызмет жас мамандармен, жаңа педагогтармен жұмыс, педагогикалық шеберлік бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік жұмыс, авторлық бағдарлама, басылымдар, педагогтарды оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістемелері қорғалды. 

Ал екінші кезеңде әдіскерлер ТжКБ ұйымдарындағы әдістемелік қызметтің жобасын (үлгісін) таныстыру.   Жоба Microsoft Office Power Point бағдарламасында жасалады. Қорғау уақыты 7 минут. Жобада  ТжКБ ұйымдарындағы әдістемелік қызмет мазмұнын жаңарту және оның қазіргі білім саясатына сәйкес болуы, әдістемелік қызметтің рөлін көрсетіп, оқу-өндірістік және тәрбие қызметін ұйымдастыру үлгісі (дуальді жүйе, модульдық, кредиттік және т.б.), жобадағы күтілетін нәтижені негізі, біліктілікті арттыру мен педагогтардың шеберлігіндегі жаңа тәсілдер қарастырылды.

Үшінші кезең әдістемелік қызметті ұйымдастыру аясында шебер-сынып фрагментін таныстыру.  Қатысушылар  еркін тақырыпта және өткізілу түрі еркін таңдалған  шебер-сыныптың әзірлемесін ұсынды.

«Үздік әдіскер-2016» байқауының негізгі мақсаты әдіскерлердің шығармашылық қабілетін дамыту мен  оқытудың жаңа технологияларын  айқындау арқылы  педагогикалық тәжірибелерді жетілдіру болғандықтан, 10 қатысушының шығармашылық шеберлігін облыстық білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бастығы, байқаудың төрайымы Төребаева Әмина Дәукенқызы, Облыстық әдістемелік кабинет меңгерушісі  Қабдұлова Алуа Жанатайқызы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің педагогика, психология кафедрасының  оқытушысы, п.ғ.к. доцент Рысбекова Рысжан Мырзашқызы, Әдістемелік кабинетінің техникалық және кәсіптік бөлім әдіскерлері Г. Боранбаева, Ш. Исаханова, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері, жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Киршибева Бақытгүл Тұмарханқызы,  Білім  беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық кеңесінің бас маманы Омарова Гүлнар Сәкенқызы және «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының бас маманы Ләйлә Сағынғалиқызы бағалады.  Нәтижесінде

I орын – Алматы экономикалық колледжінің әдіскері Қалабаева Гүлжамал  Қалдыбековна;

II орын – Талдықорған агро-техникалық  колледжінің әдіскері Балтабаева Меруерт Боранбаевна;

- II орын – Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Михева Кулчария  Айтбекқызы;

- III орын –Есік гуманиталық-экономикалық колледжі директрының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Нүсипова Назгүл Маратқызы;

- III орын –  Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің әдіскері Найзаева  Мухаббат  Мырзакуловна иеленсе, Алғыс хатпен

-  Қаскелең Гуманитарлық Техникалық  колледжінің әдіскері Бапышева Гульзира  Мырзабековна;

-  Сарқан политехникалық колледжінің әдіскері Жакупбекова Маржан Ермекбаевна;

-  Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің әдіскері Абдибекова Айгуль Джалеловна марапатталды.  Сонымен қатар жеңімпаздарға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Білім  беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық кеңесі, «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясы байқауға үлкен демеушілік танытып, қатысушыларға мекеме атынан бағалы сыйлықтарын, алғыс хаттарын және  ақшалай сыйлықтарын табыстады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.