A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Жобалар мен байқаулар

Ең үздік арнайы пән оқытушысы

Санат: Жобалар мен байқаулар
Уақыты: 16.06.2016
Оқылды: 519 Печать страницы
Ең үздік арнайы пән оқытушысы

Алматы облысы білім басқармасы облыстық әдістемелік кабинетпен бірлескен  «Ең үздік арнайы пән оқытушысы-2016» байқауы маусым айының  09-10 аралығында Талдықорған агротехникалық колледжінің базасында  ұйымдастырылып өткізілді.

Байқауға Алматы эконмикалық Қаскелең Гуманитарлы-Техникалық,  Талдықорған политехникалық, Талдықорған сервис және технологиялар, Қапшағай көпсалалы, Шелек политехникалық, Талдықорған агротехникалық,  Талғар медициналық, С.  Жандосов атындағы  Қаскелең  кәсіптік – техникалық, Талғар гуманитарлық экономикалық,  Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік,  Талдықорған гуманитарлық-техникалық,  Жаркент  гуманитарлық-техникалық,  Сарқан политехникалық, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар, Текелі кәсіптік,  Талғар агробизнес және менеджмент,  Бақанас аграрлы-индустриалдық,  Бастөбе сервистік-техникалық,  Қ.Байсейітов атындағы саз,  Есік гуманитарлық-экономикалық,  Жаркент көпсалалы,  Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар,  Көксу политехникалы,  Талғар политехникалық,  Сарыжаз кәсіптік –техникалық,  Сарқан гуманитарлық,  Талғар экономикалық,  Талдықорған медициналық, Қаскелең мәдениет колледждерінің  (жалпы 30 колледждің)  арнайы пән оқытушылары  қатысты. Байқау техникалық   және кәсіптік білім беретін оқу орындары  оқытушылары арасында жоғары кәсіби рейтингісі бар және  шығармашылық тұрғыда жұмыс істейтін педагогтарды анықтау  және педагогикадағы  озық іс-тәжірибені таратуға бағытталды. Байқаудың бірінші кезеңінде  қатысушылар 20 минуттық   ашық сабақ, ал екінші және үшінші кезеңдерінде  өзіндік презентациясы мен  Портфолиоларын қорғады.

Байқау жұмысына Облыстық әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Ж. Қабдұлова, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Кәсіптік оқыту» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының акад. профессор Рахимбеков                                                                               Айтбай Жапарұлы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доценті, профессор С.С.Әлмұханбетов, техника ғылымдарының кандидаты  А.А.Кұрманбаев, Білім  беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық кеңесінің бас маманы, қазылар алқасының мүшесі, Г. С. Омарова  сарапшылар  ретінде шақырылды.

Байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» (70000 мың теңге сыйақы) Алматы экономикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Асқарбеков Эрик Бирликович жеңіп алды.  Ал І-ші орынды (50000 мың тенге сыйақы) Текелі кәсіптік  колледжінің оқытушысы Тарманбеков Ермек Илюбекович  иеленсе, ІІ-ші  орынды (35000 мың теңге сыйақы)  Талдықорған сервис және технология, Талдықорған агро-техникалық колледждерінің  мамандары Қамбаров Нұралан Мұхтарович пен Калышева Айдана Мағауяқызы бөлісті, ІІІ-ші  жүлделі орынды (25000 мың теңге сыйақы)  Жүніспаева Айгерім Бауыржанқызы Талдықорған политехникалық, Үмбетжан Жұмағыз Сейсенбайқызы Талғар агробизнес және менеджмент, Полищук Галина Александровна Қапшағай көпсалалы колледждерінің арнайы пән оқытушылары  иеленді. 

Сонымен қатар, әр номинацияға 15000 мың теңге сыйақы (әр қайсысы)  тағайындалып, нәтижесінде  «Жаңашыл педагог»,  «Шығармашыл педагог», «Заманауи сабақ», «Зерттеуші педгог», «Шығармашылық жолында» номинацияларымен Жаркент көпсалалы,Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар, Талдықорған гуманитарлық-техникалық, Жаркент гуманитарлық-техникалық, С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық, Бақанас аграрлы индустриалдық колледждерінің арнайы пән оқытушылары  марапатталды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.