A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Жобалар мен байқаулар

Мемлекеттік кірістер комитеті тағы да автомобиль ұтысын өткізеді

Санат: Жобалар мен байқаулар
Уақыты: 05.06.2017
Оқылды: 171 Печать страницы

Құрметті Алматы облысының тұрғындары, Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарымызға салық заңнамасының сақталауына жеке қоғамдық бақылау жасап бағалы сыйлықтар ұтуына мүмкіндік беріп отыр.

2017 жылдың 1 мамырынан Мемлекеттік кірістер комитеті республикалық деңгейде «Чек талап ет-жүлде ұтып ал!» акциясын өткізуде.

Акцияның негізгі мақсаты:

  • азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін жоғарлату;
  • халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
  • азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу.

Акция электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізілуде.

«Чек талап ет-жүлде ұтып ал!» Акциясы ағымдағы жылдың 1 мамыр мен 30 қараша айлар аралығында өтеді.

«Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Акцияға қатысушыларға да, чектер санына да шектеу қойылмайды. Бұл ретте, бір чек бір ұтыс билетіне теңеледі. Акцияға қатысу үшін Wipon қосымшасы арқылы түсірілген чектің сүретін жіберу керек, чекте ЖСН/БСН, күні, уақыты, қорытынды сомасы анық көрінуі тиіс.

Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі.

Ай сайын Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде ұтыс ойыны өткізіледі.

Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.