A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жобалар мен байқаулар

«Үздік ауыл мектебі -2016» байқауы

Санат: Жобалар мен байқаулар
Уақыты: 27.05.2016
Оқылды: 1038 Печать страницы
«Үздік ауыл мектебі -2016» байқауы

Алматы облысы әкімінің қолдауымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үздік ауыл мектебі» байқауы 2016 жылғы 26 мамырда Талдықорған қаласындағы №25 орта мектеп базасында өтті.

Байқаудың қазылар алқасына «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, физика- математика ғылымдарының кандидаты, доцент Мұстафаев Абдикади Пірмағанбетұлы, білім беру және ғылым қызметкелерінің кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық қенесінің бас маманы Омарова Гульнар Сәкенқызы, Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалықбекова Бұлбұл Тлеуғазықызы, облыстық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Қабдұлова Алуа Жанатайқызы шақырылды.Байқауға аудандық кезеңнің жеңімпаздары 18 білім беру ұйымының ұжымы қатысты.

Байқау нәтижесінде I орынға Ақсу ауданы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектеп – гимназиясының ұжымы ие болды. II орынды Қапшағай қаласындағы №7 орта мектеп және Қарасай ауданы Қарасай батыр атындағы орта мектеп ұжымы алды. Жүлделі 3-ші орынды Еңбекшіқазақ ауданы М.Мақатаев атындағы , Талғар ауданы №24 және Талдықорған қаласындағы №23 орта мектептер бөлісті.

«Жаңашылдыққа бетбұрыс» номинациясын Райымбек ауданы Асан Албан Барманбекұлы атындағы орта мектеп, «Кәсіби ізденіс- шеберлік бастауы» номинациясын Қаратал ауданы Қ. Байсейітов атындағы орта мектеп, «Белсенділік негізі – ізденіс» номинациясын Панфилов ауданы Абай атындағы орта мектеп ұжымдары иеленді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.