A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру»

Санат: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Уақыты: 31.10.2017
Оқылды: 246 Печать страницы

Бүгінгі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2017 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында жалпы орта білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушылары және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында өткізілген шығарма байқауының қорытындысы бойынша барлығы -25373 оқушы және 97 колледж студенттері қатысты. (Ақсу-2881, Алакөл-1800, Балқаш-741, Ескелді-315, Еңбекшіқазақ-5000, Қарасай-2000, Жамбыл-1500, Іле-2000, Қапшағай-304, Кербұлақ -150, Қаратал-1000, Көксу-600, Ұйғыр-250, Райымбек-5017, Текелі-285, Панфилов-700, Сарқан-350, Талғар-500, Талдықорған-1780.) Аудан көлемінде өткізілген байқау туралы барлық аудандық білім бөлімдері тарапынан инстаграм, фейсбук, в контакте әлеуметтік желілері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына материалдары таратылды. Үздік деп танылған шығармалар облыстық білім басқармасына ұсынылып, саралау жұмыстарынан кейін облыс бойынша жеңімпаздары анықталды, олар: 9 сынып бойынша жүлделі 1 орынды жеңіп алған Талдықорған қаласы №19 орта мектептің оқушысы Зейнолла Расул, 2 орынды Ескелді ауданы Жаңалық негізгі мектебінің оқушысы Толеутай Аяулым, 3 орынды Балқаш ауданы №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушысы Асқарқызы Дана, орыс сыныптарынан Текелі қаласы № 8 орта мектептің оқушысы Султанбек Таир жүлделі 2 орынды иеленді.

11 сынып оқушыларынан: жүлделі 1 орынды Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы №24 дарынды балаларға арналған 3 тілде оқытатын арнаулы лицейдің 11 сынып оқушысы Мағжан Оспан, 2 орынды Кербулақ ауданы Күреңбел қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы Бегімай Мухаметжан, 3 орынды Панфилов ауданы Жамбыл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сейсенғали Арайлым иеленсе, колледж студенттері арасында жүлделі 1 орынды Шелек Политехникалық колледжінің студенті Қонысбай Айбек, 2 орынды Талдықорған агротехникалық колледжінен Шукебаева Гүлжан, 3 орынды Жаркент гуманитарлық- техникалық колледжінен Жаңабай Дина, орыс бөлімдерінен жүлделі 1 орынды Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінен Донских Данил, 3 орынды Талғар политехникалық колледжінен Садыкова Малика иеленіп, жұмыстары облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттеріне жариялану үшін жіберілді.

5-7 сынып оқушылары арасында факультативтік сабақтар есебінен «Өлкетану» курстары ұйымдастырылып, салт-дәстүрлер мен тарихи-мәдени ескерткіштері мен құндылықтарына өлкедегі мұражайларға экскурсиялық саяхаттар ұйымдастырылатын болады. «Өлкетану» бағыты бойынша оқу жылы ішінде барлығы: 22218 оқушы қамтылады. (Еңбекшіқазақ - 315, Ескелді -150 оқушы, Панфилов - 250, Балқаш -235, Жамбыл - 5620, Райымбек -350, Ақсу -525, Көксу -500, Сарқан -350, Талғар-900, Талдықорған қаласы-2000,Текелі қаласы - 800 Алакөл -200, Іле – 4873, Қапшағай- 2600, Ұйғыр-450, Қарасай- 2100).

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.