A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

«Туған жер» бағдарламасы

«Туған жер» бағдарламасын іске асыруда негізгі тұжырымдамалық тәсілдер

Санат: «Туған жер» бағдарламасы
Уақыты: 31.10.2017
Оқылды: 454 Печать страницы

«Туған жер» бағдарламасын іске асыруда негізгі тұжырымдамалық тәсілдер

Тұжырымдама жалпы ұлттық патриотизмді қалыптастыруға, өзінің туған жеріне, өзінің ауылына, қаласына, өңіріне деген сүйіспеншілікке бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру үшін негізгі тәсілдерді қарастырады.

«Туған жер» бағдарламасы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.

Тұжырымдаманың негізгі бағыттары:

Бірінші. Мына салалардағы өлкетану жұмысы:

1.1. білім беру;

1.2. экология және абаттандыру;

1.3. мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті жерлердегі объектілерді өңірлік тарихи қалпына келтіруді зерделеу.

Екінші.Туған жерді қолдау:

2.1. бірыңғай интернет-портал құру;

2.2. өңірлік жобалар карталарын әзірлеу;

2.3. көмекке мұқтаж адамдардың картасы;

2.4. еріктілер корпусы;

2.5. көмек көрсететеін тұлағларды ынталандыру;

2.6. аудан/облыс деңгейінде өңірдің тумаларының слеті бойынша жыл сайынғы іс-шараларды ұйымдастыру.

Үшінші. Ақпараттық қолдау:

3.1. Ақпаратты жеткізу жобалары;

3.2. Ақпаратты жеткізу тәсілдері.

Бұл жұмыс:

- халықтың патриоттық рухын қалыптастыруға;

- жас буынды туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке, табиғатқа қамқорлықпен, тарихқа және мәдени-тарихи ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеуге;

- рухани жағынан өзін-өзі дамытуда және тұрғындар тарапынан бастамашылық жасауға қажетті жағдайлар жасауға;

- халықты қайырымдылық жасауға, демушілікке, қоршаған ортаны қорғауға өз ерікімен қатысуға ынталандыруға бағытталған.

«Туған жер» жер бағдарламасы мынадай іс-шаралармен іске асырылатын болады:

«Туған жер» бағдарламасының бірінші бағытының шеңберінде іске асыруға ұсынылған негізгі іс-шаралар:

1.1. Білім беру

- өлкенің тарихы туралы зерделеу, материалдар және кітаптар құрастыру және оларды қажетті көлемде шығару (жауапты Ішкі саясат, білім беру, мәдениет басқармасы, өлкетану мұражайы, ҮЕҰ );

- жалпы білім беретін мектептерде, ЖОО-да « туған өлке тарихы» немесе «Өлкетану» факультатитвтік (міндетті) пәнін енгізу (жауапты БҒМ, Ішкі саясат, білім беру, мәдениет басқармасы, өлкетану мұражайы, ҮЕҰ );

- « Оқи алатын ұлт» бұқаралық қоғамдық қозғалысты іске асыру

(кітап оқуды насихаттау, қайта жабдықтау, қолданыстағы кітапханаларды толықтыру және жаңаларын ашу);

- кітап алмасу – буккроссинг; арнайы орындарын ұйымдастыру;

- оқушылардың, студенттердің мәдени-тарихи құндылықтары бар, әскери және еңбекте даңққа ие орындарға баруын ұйымдастыру

(жауапты Білім беру, мәдениет, спорт басқармасы, Қорғаныс департаменттері, ҮЕҰ, әскери-патриатттық ұйымдар);

- аудан (облыс) оқушыларының арасында өлкенің тарихын, тарихи тұлғаларын, ерекше оқиғаларды, жерлерді және т.б. білуіне конкурстар өткізу (жауапты Білім басқармасы);

- жас (жасөспірім) тарихшылар слетін өткізу (жауапты Білім, жастар саясаты басқармасы );

- оқушыларды өлке тарихын зерделеуге ынталандыру, мысалы, олимпиадалар жеңімпаздарының Астанаға тегін баруын және республикалық ғылыми, мәдени-бұқаралық іс-шараларға баруын ұйымдастыру (жауапты білім басқармасы,ҮЕҰ);

- өңірлік кітапханаларда өлкенің тарихына арналған стендтер (бұрыштар), өңірдің көрнекті тұлғаларының өмірбаянын және т.б. жасақтау (жауапты Мәдениет басқармасы, ҮЕҰ, ақсақалдар кеңесі );

- ақындардың, жазушылардың және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен шығармашылық кездесулер өткізу (жауапты Мәдениет басқармасы, ҮЕҰ, интеллигенция );

- орта мектептерде мектептің тарихы, танымал түлектері (ҰОС ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, еңбек ардагерлері, ғылым, мәдениет, мембасқару қайракерлері) туралы стендтер ұйымдастыру және осы тақырып бойынша сабақтар өткізу (жауапты Білім басқармасы, ҮЕҰ, ақсақалдар кеңесі );

- «Туған жер-2017» ғылыми-практикалық (өңірлік, республикалық) конференциялар өткізу (жауапты білім, мәдениет басқармасы, ҮЕҰ );

- Қалада тұратын оқушылар үшін «Бір апта ауылда – Одна неделя в селе жобасын ұйымдастыру»;

- «Асық», «Тоғызқұмалақ» ойындары бойынша республикалық турнирлер өткізу;

- басқа елге тұрақты тұруға кеткен адамдар үшін туған өлке естеліктері туралы үздік эссе жазуға онлайн-конкурс ұйымдастыру;

- танымал тұлғалардың (табысты бизнесмендер, белгілі мемлекет қайраткерлері, спортшылар, ғылым және мәдениет қайраткерлері) туған өлке естеліктері туралы сөз сөйлеулерін ұйымдастыру және жазу;

- ауылда балалардың осы өңірден шыққан табысты адамдармен кездесулерін ұйымдастыру;

- еліміздің әскери тарихын және еліміздің тарихи тұлғаларын зерделеумен әскери-патриоттық клубар құру, «Отанын қорғаушы» тұлғасын қалыптастыру;

  • Оқушылардың Қазақстандағы скаутсктік қозғалысқа жаппай тартылуын ұйымдастыру.

1.2. Экология және абаттандыру

- көшелер, ПИК, шағын аудандар, елді мекендер арасында тұрғындардың абаттандыруды және тазалықты сақтауын қолдау жөнінде жарыс жеңімпаздарына тиісінші жалаушалар табыстай отырып, жарыстар ұйымдастыруды көздейтін «Таза көше», «Таза ауыл» жобаларын ұйымдастыру. Осы іс-шаралардың жеңімпаздары және белсенді қатысқандары туралы жергілікті газеттерде жазылады. Осы жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздарын тиісті әкімдер салтанатты іс-шараларда атап өтеді;

- ПИК аумағын, көшелерді, шағын аудандарды, елді мекендерді халықты, ерікті ұйымдарды тарта отырып көгалдандыру бойынша жарты жылда бір рет (көктемде және күзде) «Тал күні» жобасын ұйымдастыру. Осы мақсатта әкімдіктер көшеттерді сатып алуға және оларды отырғызу орындарына жеткізу үшін қаражат қарастырсын (жауапты әкімдіктер, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, АШМ аумақтық органдары, экология саласындағы ҮЕҰ, еріктілер).

- «Қазақстан-менің елім» жас өлкетанушылар, экологтар және табиғатты зерттеушілердің жыл сайынғы облыстық форумын ұйымдастыру (жауапты Облыстардың әкімдігі, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, ҮЕҰ).

- Интернетте рекреациялық объектілер, табиғи ландшафтар, табиғаттың ескерткіштер туралы өңірлік жалпыға қол жетімді ақпараттық деректер қорын, фото- және бейнематериалдар жасау (жауапты табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, АШМ аумақтық органдары, ҮЕҰ ).

- «Қазақстанның табиғаты» тақырыбына үздік фото және бейнематериалдардың республикалық конкурстарын өткізу (жауапты МСМ, АКМ, ҮЕҰ);

- экологиялық ҮЕҰ оқыту және «жасыл» ойлауды қалыптастыру бойынша семинарлар өткізу;

- жергілікті қоғамдастықтар, студенттер, оқушылар арасында рекреациялық объектілер, табиғи ландшафтар, табиғаттың ескерткіштері бойынша экологиялық туризмді танымал ету (жауапты әкімдіктер, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, АШМ аумақтық органдары, ҮЕҰ );

- қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша жағдай жасау;

- жасыл технологиялардың өңірлік білім-беру-көрсету орталықтары желілерінің қызметін қолдау.

 

1.3. Өңірлік тарихты зерделеу, жергілікті ауқымдағы мәдени-тарихи ескерткіштерді және объектілерді қалпына келтіру

- жергілікті ЖОО үшін өңірдің тарихын, ономастиканы,топономиканы, фольклорді, салт-дәстүрді зерделеу, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу жөнінде гранттар бөлу (жауапты БҒМ, МСМ, мәдениет басқармасы, ҮЕҰ);

- еліміздің өңірлері бөлінісінде танымал адамдардың тағдырын бейнелейтін жинақтар шығару (жауапты МСМ, ҮЕҰ, ақсақалдар кеңесі);

- Өлкетану мұражайларына, картиналар галереяларына, кітапханаларға кітаптарды, картиналарды, тарихи құжаттарды, материалдық мәдени заттарды ерікті түрде табыстау бойынша қайырымдылық акцияларын өткізу (жауапты әкімдік, мәдениет, білім басқармасы, ҮЕҰ, еріктілер ұйымдары);

- «Шеберлер қалашығы – Город мастеров» қолөнер ісі шеберлерінің республикалық фестивалін өткізу;

- оқушылардың және студенттердің өлке тану мұражайларына, көркемөнер галереясына жыл сайын баруын ұйымдастыру және т.б. (жауапты Білім, мәдениет басқармасы);

- тарих пен мәдениеттің маңызды ескерткіштері бойынша өңірлік энциклопедиялар шығару және басып шығару (жауапты мәдениет басқармасы);

- әр өңір бойынша тарихи-мәдени мұраның неғұрлым маңызды ескерткішетрі туралы ғылим-танымал фильмдер топтамасын шығару (жауапты МСМ, АКМ, АШМ және басқа.);

- жергілікті туризмді танымал ету (шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке картада жергілікті тарихи-мәдени көрнекі жерлерін және табиғи объектілерін көрсете отырып автомобильмен саяхат бағдарларын ұйымдастыру арқылы);

- мәдени-тарихи ескерткіштер туралы ақпартты дайындау және ЖАО интернет-ресурстарында орналастыру (жауапты мәдениет басқармасы);

- мәдениет саласындағы уәкілетті орган тарихи және мәдениет ескерткіштеріне QR-кодтарын орналастыру регламенттерін әзірлесін.

Екінші бағыт

2.1. Бірыңғай интернет-порталын құру.

Бірыңғай интернет-порталында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру жөніндегі барлық ақпарат шоғырланатын болады, соның ішінде осы портал арқылы өңірлік және инвестициялық жобалардың карталары, көмекке мәжбүрлер картасы және еріктілер корпусы сияқты тетіктер енгізілетін болады.

Сондай-ақ, осы порталда патритизм идеялары және мысалдары, «Туғанжер» бағдарламасының жаңалықтары, «Туғанжер» бағдарламасының қызметінің жыл сайынғы қорытындысы насихатталатын болады.

2.2. өңірлік жобалардың карталарын әзірлеу.

2.2.1. Ауданның/қаланың ЖАО үкіметтік емес ұйымдрамен бірлесе әлеуметтік жобалардың тізімін жасайды:

- инфрақұрылымдық (мектептердің, жолдардың құрылысы/жөндеу, абаттандыру және т.б.).

- қамтамасыз ету бойынша (компьютерлер, жиһаздар, ұйымдтехникаларын сатып алу, интернет жүргізу және т.б.);

- атаулы материалдық көмек көрсету (нақты студенттің оқуын төлеу, емін төлеуге көмек көрсету және т.б.);

- ағаш отырғызу, фестиальдер ұйымдастыру сияқты қайырымдылық сипаттағы әртүрлі акцияларды/іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде және т.б.

Әр жоба бойынша оның құнын анықтау үшін смета қажет.

Барлық жобалар интернет-порталға жүктеледі және кез-келеген қалаған адам өзіне оны іске асыру үшін жоба таңдай алады. Жобаның құны жоғары болған кезде жобаны бірлесіп іске асыру үшін бірнеше тұлғалардың күш-жігерін біріктіру керек.

2.2.2. Ауданның/қаланың ЖАО ең алдымен жұмысқа қамтылуы төмен ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инветициялық жобалар карталарын жасайды.

Әр жоба бойынша бөлім басшысы, кенттің, аудандық маңызы бар қаланың әкімі, аудандардың және әкімдердің орынбасарларынан төмен емес деңгейде жауапты лауазымды тұлға бекітіледі, олар бірінші кезекте өңірден шыққан инвесторларды іздестіруді жүзеге асырады.

 

2.3. Көмекке мәжбүр адамдардың картасы

ЖАО ҮЕҰ бірлесе қандай-да бір қолдауды қажет ететін (материалдық, консультациялық, дене еңбегімен көмек және т.б.) адамдар туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асырады.

Қалыптастырылған тізім интернет-порталға жүктеледі. Порталдағы деректерді өңір бойынша (ауылдық округ, аудан, облыс) тақырып бойынша (материалдық, консультациялық және басқа көмек) жариялану күні, жасы бойынша, отбасы жағдайы бойынша (мүгедек, жалғыз басты ана, көп балалы отбасы), көмек түрі бойынша (емдеу, жөндеу, киім-кешек және т.б.) сорттауға болады

Онлайн арқылы кез-келген адам еш қиындықсыз материалдық көмек көрсете алады. Көмекке мәжбүр адаммен қарым-қатынас арқылы көмекті көрсеткісі келсе ЭЦҚ арқылы растау талап етіледі және бұл туралы деректер қорында белгі жасалады (не ХҚКО жеке басын куәландыру туралы куәлікті көрсеткен кезде осындай деректерді бере алады). ЭЦҚ сұрау расталғаннан кейін көмекке мәжбүр адамның деректері (ТАӘ, телефон нөмірі, мекен-жайы) қол жетімді болады.

 

2.4. Еріктілер корпусы

ЖАО ҮЕҰ бірлесе ерікті болғысы келетін адамдар туралы мәліметтер (жасы, жынысы, білімі, тәжірибесі, автокөлігінің болуы және басқа деректер) жинауды жүзеге асырады. Сауалнамада еріктілер ерікітілердің әр түрлі нұсқаларын белгілейді және таңдайды не өз әдісін ұсынады.

Еріктілердің иесiздендірілген тізімі (ТАӘ көрсетілмей) интернет-порталда жарияланады. Тізімді еріктілердің әр түрлі бағыттары бойынша (консультация беру, оқыту, дене еңбегімен көмек, адамдарды тегін тасымалдау, уақыт және ыңғайлы уақыт бойынша, өңір бойынша және т.б).

Еріктінің байланыс деректерін алу үшін ЭЦҚ арқылы сұрау қажет немесе ХҚКО жеке басын куәландыратын куәлікті көрсеткен кезде алуға болады.

 

2.5. Көмек көрсеткен тұлғаларды ынталандыру

Халықты және бизнесті қайырымдылыққа және мәжбүр адамдарға көмек көрсетуде қатысқаны үшін ынталандыру қажет.

Бұл үшін әр түрлі номинациялар бекіту ұсынылады:

  • ауданның/қаланың/облыстың жылы/ тоқсанда/ айда ең белсенді еріктісі (көмек көрсеткен адамдардың саны бойынша анықталады);
  • ауданның/қаланың/облыстың жылы/ тоқсанда/ айда ең сүйікті еріктісі (оң пікірлер саны бойынша анықталады).
  • ауданның/қаланың/облыстың мецанаты;
  • ауданның/қаланың/облыстың инвесторы.

Өңір әкімі ҮЕҰ бірлесе еріктілерге мақтау грамоталарын және алғыс хат табыстайды.

Жыл қорытындысы бойынша еріктілерге және мецанаттарға мемнаградалар, тиісті өңірдің «құрметті азаматы» атағын береді. Арнайы мемлекеттік не ведомстволық наградалар берудің (дәжеге бөле отырып) мақсаттылығын қарастыру.

Елді мекеннің дамуына қосқан ерекше үлесі, белсенді қайырымдылық қызметі үшін мецанаттарға, заңда белгіленген тәртіппен көшелердің және ауылдық елді мекендерді қайта атау ұсынысын енгізуге құқық беру.

2.6. Аудан/облыс деңгейінде өңірдің тумаларының слеті бойынша жыл сайынғы іс-шараларды ұйымдастыру.

ЖАО ҮЕҰ бірлесе ауданның/қаланың/ облыстың тумаларының жылсайынғы слетін ұйымдастыру. Білім беру ұйымдарына (ЖОО; АОО, мектептер) түлектер кешін ұйымдастыруы орынды.

Осындай слеттерде және кештерде іске асырылған жобаларды таныстыру, әртүрлі акцияларды өткізу, аукциондар ұйымдастыру (жиналған ақша қайырмдылыққа беріледі) қайырмалдықтар жинау акциялары, жыл еріктілері мен мецанаттарын грамоталармен және мемнаградалармен наградтау ұсынылады.

Үшінші бағыт.

3.1. Ақпаратты жеткізу жобалары

- «Пошта жәшігі: туған жерден хат» («Почтовый ящик: письма с родины») айдарын ашу. Танымал адамдардың лирикалық жазбалары:олардың жеке басының және кәсіби жағынан қалыптасуында туған өңірінің қандай ролі бар, оларды, үлкен қаланың тұрғындарын сол өлкеге қайта-қайта орала беруінің себебі неде? Балалық шақтан қарапайым суреттермен қызықты оқиғалар. Өзінің шағын ауылына деген сүйіспеншілік қалай байтақ отанына деген махаббатқа айналды?

- «Ұлы дала әуендері» («Звуки большой Страны») айдарын ашу, онда ұлттық музыкалық құралдар- оларды әң өңірде әр түрлі жасау ерекшеліктері, орындау шеберліктері мен музыкалық құралдың қандай айырмашылықтары бар екендігі туралы айтыладыү Елімізде жүзден астам этнос өкілдері тұрады- олардың музыкалық құралдары және салт-дәстүрлері туралы айтылады. Ұлттық музыкалық аспаптарды ауқымды көлемде таныту туралы - біздің көптеген музыканттарымыз шетелде домбырада немесе қобызда әлемдік туындыларды орындайды, сонымен біздің мәдениетімізге де қызығушылықты арттырады.

- республикалық телеарнада көрнекті қазақстандық қоғам қайраткерлерінің, бизнесмендердің, спортшылардың, музыканттардың және жас тарихшылардың қатысуымен «Туған жер» мәдени-танымдық, тарихи және өлкетану реалити шоу жасау;

- БАҚ өзінің туған өлкесінде көмек көрсететеін мецанаттардың, еріктілердің қызметін жариялау бойынша арнайы жоба және т.б. ұйымдастыру;

- тиісті телеарнада үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) «Қошкелдіңіз» топтамалық бағдарламасын жасау;

- республикалық телеарнада шетелде тұратын отандандастарымыз туралы «Қазақстан деп соғады жүрегім!» арнайы жобасын шығару;

- Телеарнада қазақстандық ұлттың бірегейлігі туралы «Ұлт коды» документальді арнайы жоба шығару;

- БАҚ қатысуымен қазақстанның киелі орындарына ғылми-танымдық пресс-турларын ұйымдастыру;

- Бірыңғай интернет-порталда барлық жаңалықты, бейне-фортоматериалдарын, репортаждарды және хабарларды қоса беру;

- El.kz танымдық порталында и «Казинформ» ХАА басты беттерінде «Туған жер» арнайы жобасы берілетін болады.

- қазіргі Қазақстанның тарихы, салт-дәстүрі мәселелері, жеке табыстары, ауданның, қаланың, елдің дамуына қосқан үлесі icebucketchallenge ұқсас #яказахстанец, #қазақстандатуған, #ялучший, #туғанжер; c хэш-тэгтермен әртүрлі жарыстардың әлеуметтік медиа қозғалыстары;

- халық арасында насихаттау үшін эмблемалар және слоган/девиз әзірлеу және олардың «Туған жер» бағдарламасымен сабақтасуы;

- халықа арасында табиғатқа және тарихи-мәдени мұра объектілеріне деген құрметті, табиғи ресурстарды үнемдеп пайдалануда насихатттау;

- бағдарламаның өзін және оның шетел аудиториясына арналған жобаларын (шетелдегі қазақ тілін түсінетін тұрғандарға және шетелдіктерге),соның ішінде дипломатиялық өкілдіктерді және ҮЕҰ тар та отырып, ақпараттық жариялау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

3.2. Бағдарламаны және оның жобаларын іске асыру үшін негізгі ақпарат көздері:

- республикалық БАҚ (телеарналар, радиостанциялар, баспа басылымдары);

- өңірлік БАҚ (телеарналар, радиостанциялар, баспа басылымдары);

- интернет-ресурстары;

- әлеуметтік желілер болып табылады.

«Туған жер» бағдарламасын ақпараттық қолдауға бұқаралық ақпарат құралдарын, соның ішінде бағдарламаның жобаларын жаппай жариялай отырып, неғұрлым белсенді түрде тарту.

Ауқымды және неғұрлым қызықты жобаларды республикалық БАҚ жариялау мақсатты болады.

Жергілікті БАҚ өңірлік деңгейдегі жобаларды жариялау ұсынылады.

Жоғарыда аталған тұжырымдамалық тәсілдер «Туған жер» бағдарламасының негізгі әдістері мен тетіктерін анықтайды. Сонымен қатар, жергілкті атқарушы органдар өңірдің ерекшелігін және жергілікті халықтың қызығушылығын ескере отырып, бағдарламаны табысты іске асыру үшін қосымша шаралар мен тетікерді анықтауға құқылы.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.