A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Týrizm áleminde – jastar» аймақтық студенттер форумы

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы, туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы және жастар ресурстық орталығының қолдауымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «құқық және экономика» факультетінің «Экономика және сервис» кафедрасының ұйымдастыруымен студенттік форумын өткізді. Форумның жастарға басты мақсаты туризм саласын насихаттау және студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өткізілді. Іс-шараға Zhansugurov college, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің, Жаркент Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері, Текелі кәсіптік колледжінің студенттері қатысты. Форум қорытындысы бойынша 60 қатысушыға арнайы дайындалған сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.12.2019

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми жоба конкурсы

2019 жылы 2-4 желтоқсанда Талдықорған қаласында Алматы облысы білім басқармасы «Жетісу дарыны» орталығының ұйымдастырумен жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық ғылыми жоба конкурсы өтті. Конкурста 673 оқушының қатысуымен 570 ғылыми жоба қорғалды. Конкурсқа қатысушылар өз ізденіс жұмыстарының өзектілігі мен жаңалықтарын ортаға салып, көпшілік назарына ұсынды. Нәтижесінде жеңімпаздар марапатталып, үздіктері облыстық кезеңнің екінші турына жолдама алады.
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.12.2019

"Қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бірлесіп қарсылық білдіреміз» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Ағымдағы жылдың 25-27 қараша күндері "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық акциясы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен Талдықорған қаласында "Қыздар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бірлесіп қарсылық білдіреміз» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына халықаралық ұйымдар, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан республикаларының спикерлері, үкіметтік емес ұйымдар, күш құрылымдары, мемлекеттік органдар өкілдері, оқушылар, студенттер, мұғалімдер, педагог-психологтар, қорғаншы және қамқоршы органдар, ата-аналар, жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қоғам өкілдері, журналистер, барлығы 5 300 адам қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.11.2019

«Make it possible» Республикалық Спартакиадасы

2019 жылдың 21-24 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар, жастар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасындағы «Make it possible» Республикалық Спартакиадасы өтті. Аталған жарысқа Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы Енбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының облыстық көру қаблеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларын қатысу үшін жіберді. Келесі спорт түрлері бойынша жеңімпаз атанған: 1-орын Тоғызқұмалақ - Нүсіпбек Нүркелді, Асық атудан - Марат Қасымхан 2-орын Тоғызқұмалақ - Тұрсын Аружан Асық атудан - Джумадилла Аннас Жарысқа 17 өңір, 3 облыс орталығының командалары қатысты. Жалпы командалык есепте Алматы облысы 2 жүлделі орынға...
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.11.2019

Huawei Honor Cup 2019

Сулейман Демирел университетінің студенті Дюсенова Анель НурслямқызыHuawei Honor Cup 2019 ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Еуразиялық жарыстардың іріктеу кезеңдерінен өтіп, Алматы облысы бойынша ең жоғары нәтижелер көрсетті. Қосымша
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.11.2019

"Балалар үшін бірге" атты іс-шара

"Айналайын "балалар үйі" КММ Талдықорған қаласының прокуратурасымен бірлесіп, Дүниежүзілік балалар күніне, Қазақстан Республикасының БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл және 25 жыл толуына орай 2019 жылы 20 қарашада "Балалар үшін бірге" атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін, 1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Бас Ассамблеясы қабылдаған БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру. Кеш қонақтары облыстық білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Молотова Алиям Максимовна, Талдықорған қалалық прокуратурасының «Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің» прокуроры Нургалиева Жанна Берікқалиқызы, Талдықорған қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы Елютаев Руслан Мырзағалиевич, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас, қамқоршылық кеңестерінің мүшелері және т.б....
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.11.2019

Дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «D» Grassroots Leader Сertificate біліктілікті арттыру курсы

Алматы облысы Білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы 2019 жылдың 12-15 қараша аралығында Талдықорған қаласының №19 орта мектеп гимназиясының базасында апробацияға енген облыстың жалпы орта білім беретін мекемелерінің 1-4, 5-11 сыныптарындағы дене шынықтыру сабағының әр 3-ші сағаты футбол сабағын өткізу бойынша Қазақстан Футбол Федерациясы және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп отырып дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған «D» Grassroots Leader Сertificate біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Курсқа қатысқан дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «D» категориясы «Grassroots Leader Сertificate» сертификаттарымен марапатталды. Қамтылған 315 мұғалім.
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.11.2019

Жиырма Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS халықаралық аккредитациясын алды

CIS-тің штаб пәтері Нидерландыдан Нұр-Сұлтанға Петропавл және Қостанай қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Council of International Schools (Халықаралық мектептер кеңесі) аккредитациясын алғаны жөнінде сүйінші хабар жетті. Бұл екі мектеп аккредиттеу процесін аяқтады, енді барлық жиырма Назарбаев Зияткерлік мектебі жоғары білім стандарттарын CIS мойындауымен растады. Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) – білім саласындағы соңғы жаңалықтар мен жоғарғы стандарттарды одан әрі ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ең танымал ұйым. Қазіргі уақытта белді клубқа көптеген мемлекеттердің флагмандық мектептері мен оқу кешендері мүше. Сонымен қатар ұйым аккредиттелген мектеп түлектерін оқытуға мүдделі әлемнің үздік 50 университетімен ынтымақтастық орнатқан. Әр Зияткерлік мектепте CIS тәуелсіз сарапшылары жеті бағыт бойынша ауқымды сараптама жүргізді: «Мектептің миссия, ұстаным және құндылықтары», «Оқыту мен оқу», «Басқару және көшбасшылық»...
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.11.2019

Қазақстан командасы құрамында Алматы облысының оқушылары "Open Category - Senior" категориясында Венгрия, Дьера қаласында өткен World Robot Olympiad (WRO) 2019 Дүниежүзілік робототехникалық жарыстарында 3 – орынға ие болды

Алматы облысы білім басқармасының қолдауымен 8-11 қараша аралығында Қазақстан командасы құрамында Алматы облысының оқушылары "Open Category - Senior" категориясында Венгрия, Дьера қаласында өткен World Robot Olympiad (WRO) 2019 Дүниежүзілік робототехникалық жарыстарында 3 – орынға ие болды. World Robot Olympiad, WRO – халықаралық жарысы 2004 жылдан бастап 10 жастан 21 жасқа дейінгі оқушылар мен студенттер үшін өтеді. Жыл сайын Олимпиадаға 2000-нан астам дарынды балалар қатысады. Биылғы жылы 71 елдің 424 командасы түрлі номинациялар бойынша жұмыстарын қорғады. Қазақстан құрамасы 20 оқушыдан құралған 9 топ болып сайысқа түсті. "Open Category – Senior" санаты бойынша "Ziggurat" командасының құрамы Алматы облысының оқушыларынан құралды: дарынды балаларға арналған №20 мамандандырылған лицейінің үш тілде оқытатын оқушысы Пак Элина, Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Филимонов Даниил, Алматы қаласындағы Назарбаев...
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.11.2019

"Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру" тақырыбында облыстық семинар

2019 жылдың 8 қарашасында білім басқармасымен "Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру" тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Аталған семинардың мақсаты - мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді уақытылы, сапалы көрсету, «Мониторинг» ақпараттық жүйесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімін уақытында орындау. Облыстық семинарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» Алматы облысы бойынша филиалы, ақпараттық ресурстарды енгізу бөлімінің бастығы, электрондық оқыту жүйесін енгізу және білім сапасын бағалау бөлімінің бастығы, «InCraft” жобаларының басшылары, облыстық психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер, облыстық педагогикалық-медициналық-педагогтік консультациялар, облыстық арнайы мектеп-интернаттар, колледждер басшылары мен мамандары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары,...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.11.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.