A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 25.07.2018
Оқылды: 98 Печать страницы

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Конкурс мәні

Жергілікті бюджет қаражатынан 2018/2019 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.

Конкурс ұйымдастырушысы

«Алматы облысының білім басқармасы» ММ

Пошталық мекенжайы: 140000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 511-кабинет

Байланыс телефондары: 8(7182) 32-96-91, 40-02-12

Конкурс туралы ақпарат

Конкурс Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 26 шілдедегі «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға конкурс өткізуді жариялау туралы» №88-р о/д өкімі негізінді өткізіледі.

Конкурсқа мамандықтар шегінде әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатыса алады.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

1. Жоғары оқу орнының өтінімі (13-қосымша*)

2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы (6-қосымша*)

3. 2018-2019 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар (7-қосымша*).

*ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтарындағы №122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына қосымша (2018 жылғы 28 мамырдағы №231 енгізілген өзгерістермен)

Берілген қосымшалар қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады.

Ақпараттық картаның және мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ұсыныстардың электрондық нұсқасын адрес a.adambekova@zhetysu.gov.kz, ai_adam @mail.ru, almobldo@mail.ru

электронды мекенжайларға жіберу қажет.

Конкурстық өтінімге ұсынылған құжаттар тігілген, нөмірленген, жоғары оқу орнының бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен расталуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер желімделген конвертте 000040, Алматы облысы, Талдықоған қаласы, Қабанбай батыр, 36, 511-кабинетке жіберіледі.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімдері: 2018 жылғы 26 – 31 шілде аралығында сағат 18.30-ға дейін (Астана қаласының уақытымен).

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.