A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

14.11.2018
14.11.2018
14.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Мәңгілік ел» патриоттық идеясы тұрғысында балаларға қосымша білім беру тақырыбындағы оқыту панорамасы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 17.08.2018
Оқылды: 114 Печать страницы

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы 2018 жылғы 13-15 тамыз күндері 5 секция бойынша «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы тұрғысында балаларға қосымша білім беру тақырыбында оқыту панорамасында Алматы облысы педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесін өткізді.

13 тамызда Талдықорған қаласы №14 орта мектеп-гимназиясы базасында «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттіліктерін құру: мектептерде дене шынықтыру пәнін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында өткен 3 алаң жұмысына аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты (60 педагог қызметкерлер). Ал «Білім беруді жаңғырту жағдайында алғашқы әскери дайындық сабақтарында патриоттық тәрбие беру» тақырыбында өткен 5 алаң облыстың алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушылары және әскери-патриоттық клуб жетекшілері қатысты (қатысушылар саны 34).

13 тамыз күні Талдықорған қаласы Оқушылар сарайы базасында мемлекет басшысының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Төртінші ғылыми-техникалық революция жағдайында ғылым мен техникалық шығармашылықты дамыту» тақырыбында жас техниктер станциясының директорлары, орынбасарлары және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары, жалпы орта білім беретін мектептердегі техникалық үйірме жетекшілері, робототехника пәні мұғалімдеріне арналған 2 алаң жұмысы ұйымдастырылды. Қатысушылар саны 40 адам.

2018 жылдың 14 тамыз күні Қапшағай қаласы Балалар шығармашылық орталығы базасында «Көркем-эстетикалық бағыты бойынша қосымша білім беруді жаңғырту жағдайындағы жаңа тәсілдер» тақырыбында өткен 2 алаң жұмысына қосымша білім беру мекемелерінің басшылары, педагогтары және жалпы орта білім беретін мектептердің үйірме жетекшілерілері қатысты. Қатысушылардың саны 138.

2018 жылы 15 тамызда Текелі қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «№8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында туризм және өлкетануды дамыту бөлімі «қосымша білім беруде балалар–жасөспірімдер туризмі және өлкетануды дамыту іске асырудағы жаңа амалдарды талқылау» тақырыбында дене шынықтыру, биология, география, тарих пәнінің мұғалімдері, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары, педагогтары және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне қатысты 1 алаң жұмысы ұйымдастырылды. Қатысушылар саны 50.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.