A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Мектеп оқушылары арасында облыстық «Алау» әскери-спорттық ойыны

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 10.10.2018
Оқылды: 84 Печать страницы
Мектеп оқушылары арасында облыстық «Алау» әскери-спорттық ойыны

Білім басқармасы Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе отырып рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, «Туған жер» бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында 2018 жылдың 8-9 қазан күндері Талдықорған қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 55/14 әскери бөлім базасында  облыстық «Алау» әскери-спорттық ойынын өткізді.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, дамыту бойынша жұмыстардың мазмұнын жетілдіру, мектеп оқушыларын Отансүйгіштік, қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында өткен «Алау» әскери-спорттық ойынға  12 аудан және 3 қаланың командалары 7 кезең бойынша өзара бақталасты.

«Алау» әскери-спорттық ойынының нәтижесі бойынша аудандар мен қалалардың командалары алғыс хаттармен, номинациялар бойынша мадақтама грамоталарымен және Алакөл, Ақсу, Кербұлақ аудандары ІІІ дәрежелі, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандары ІІ дәрежелі және Іле ауданы І дәрежелі дипломды иеленіп марапатталды. 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.