A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.11.2018
Оқылды: 21 Печать страницы
Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы

Алматы облысы білім басқармасы облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Табысты басшы» жобасын жүзеге асыруда шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау және білім беру ұйымының табысты көшбасшыларын насихаттау мақсатында «Білім беру ұйымының табысты көшбасшысы» облыстық байқау өтті.

Байқау келесі кезеңдерді қамтиды: «Мен табысты басшымын» интербелсенді таныстырылым, «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» жобасы, «Білікті менеджер» тест сұрақтарына жауап беру, педагогикалық жағдаят шешу.

Байқауға жалпы білім беретін білім беру ұйымдарынан 19 мектеп басшысы қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, облыстық әдістемелік кабинетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, «Мектептің табысты менеджері», «Шағын жинақталған мектептің табысты менеджері» және алғыс хаттарымен марапаттады.

Бас жүлде - Ж.Кулиева, Қарасай ауданы «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры;

І орын – О.Асымханова, Жамбыл ауданы «Ү.Кәрібаев атындағы ОМ МДШО» КММ орта мектеп директоры

ІІ орын – Р.Ибраимова, Ақсу ауданы «Е.Сиқымов атындағы орта мектебі, мектеп жанындағы интернатымен» КММ мектеп директоры;

ІІ орын – Д.Ешкенов, Кербұлақ ауданы «Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің директоры

ІІІ орын –С.Сулейменова, Талдықорған қаласы «№16 орта мектеп-гимназиясы» КММ-нің директоры;

ІІІ орын – Г.Жаксымбетова, Қапшағай қаласы "№3 орта мектеп" МКМ-нің директоры;

ІІІ орын – И.Кан, Көксу ауданы "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұқаншы орта мектебі" КММ-нің директоры;

«Мектептің табысты менеджері» номинациясы - З.Ниязова, Панфилов ауданы «Н.Крупская атындағы орта мектеп» КММ-нің директоры;

«Мектептің табысты менеджері» номинациясы – Б.Абдилова, Ұйғыр ауданы «Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің директоры

«Мектептің білікті менеджері» номинациясы -Е. Болсынбек, Балқаш ауданы «Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп МДШО» КММ-нің директоры

«Шағын жинақталған мектептің табысты менеджері» номинациясы - С.Данабекова, Алакөл ауданы «Арқарлы орта мектебі МДШО» КММ-нің директоры.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.