A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 09.11.2018
Оқылды: 15 Печать страницы

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына сәйкес Талдықорған қаласындағы «Айналайын» және Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының Қамқоршылық кеңестер құрамына өзгерістер енгізу үшін аталған кеңестердің мүшесі болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстары қабылданады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

Осыған орай, 2018 жылдың 20 қарашасына дейін облыстық білім басқармасының сайтына аталған білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерінің құрамына енгізу үшін үміткерлердің жазбаша ұсыныстарын жолдауды сұраймыз.

                                                                                                                       Алматы облысының білім басқармасы

 

    

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.