A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен бірлесіп Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде жыл сайын қазақстандық оқушылардың зияткерлік әлеуетін ынталандыруға және қолдауға бағытталған «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауын өткізеді. Байқау 16-18 жас аралығындағы, ағылшын тілін еркін меңгерген, физика-математика және жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктері мен өзіндік жобалық іс-әрекет тәжірибесі бар қазақстандық оқушылар топтарының арасында өткізіледі. Әр топтың құрамына төрт оқушы және бір оқытушы кіреді. Аймақтық іріктеу турына қатысуға ниет білдірген мектеп топтары, 2019 жылдың 15 наурызынан бастап 10 мамырға дейін ашық болатын, http://shapagat.kazpatent.kz/ru/nfsc сілтемесі бойынша онлайн-платформада тіркеу нысанын толтыру арқылы тіркелуі қажет.
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.03.2019

«Қосымша білім беру: болашаққа көзқарас» атты халықаралық құрылымдалған диалог

2019 жылы 15 наурызда Петропавл қаласының Оқушылар сарайы негізінде «Қосымша білім беру: болашаққа көзқарас» атты халықаралық құрылымдалған диалог өтті. Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтпаевамен бірге шараға білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасының өкілдері, Балаларға қосымша білім беру жөніндегі Еуразиялық Ассоциациясының, жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Нұр Отан» партиясының, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы кластерлік бюросының өкілдері, сондай-ақ Францияның және төтенше және өкілетті өкіл елшісі, мектеп және мектептен тыс ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, Алматы облысынан қосымша білім беру ұйымдарының директорлары және педагогтары (23 адам), ата-аналар қауымы қатысты. Құрылымданған үнқатысу жұмыстарының барысында балаларды оқытуға қазіргі заманғы мультимедиялық және цифрлық технологияларды қолдану, техника мен би...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.03.2019

«Желілік қауымдастық педагогтың АКТ-құзыреттілігін дамыту ортасы ретінде» тақырыбында облыстық он-лайн семинар

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Әдістемелік шеберхана» жобасы аясында 2019 жылдың 15 наурызында облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы базасында «Желілік қауымдастық педагогтың АКТ-құзыреттілігін дамыту ортасы ретінде» тақырыбында облыстық он-лайн семинар өтті. Мақсаты: жаңа жүйе бағдарламасы бойынша сертификатталған (1,2,3 деңгей) мұғалімдердің тәжірибесін желілік қауымдастық арқылы жетілдіру және педагогтарды әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу. Аталған шараға әр аудан, қала бойынша білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жаңа жүйе бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдермен жұмыс жүргізетін әдіскерлер және желілік қауымдастық жетекшілері тартылды.
Толығырақ... Оқылды: 156 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.03.2019

«Білім беру мазмұнының жаңарту жағдайында нәтижеге бағытталған басқару»

«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2019 жылы 14 наурызында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қапшағай қаласы, Қ. Жалайыр атындағы №6 орта мектеп базасында нәтижеге бағытталған басқаруда білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру бойынша жаңадан тағайындалған мектеп басшылары мен орынбасарларына кәсіби қолдау көрсету, әдістемелік сүйемелдеу мақсатында «Білім беру мазмұнының жаңарту жағдайында нәтижеге бағытталған басқару» тақырыбында тәжірибе тарату семинары өткізілді. Аталған шараға Талдықорған, Текелі қалалары, Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарынан 40 мектеп директорлары мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.03.2019

Футзалдан облыстық «Ұлттық мектеп лига» жарысы

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 11 - 15 наурыз күндері аралығында Көксу ауданыны Балпық би ауылы Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп гимназиясында футзалдан облыстық «Ұлттық мектеп лига» жарысы аяқталды. Бес күнге созылған футзалдан 7-8, 9-11 сынып ұлдар мен қыздар арасында өткен «Ұлттық мектеп лига» жарысына 144 медаль, 12 кубок, 144 мадақтама сарапқа салынды. Жарысқа аудандармен қаладан 32 команда қатысып командалық есепте 7-8 сынып ұлдар арасында 1-орын Көксу ауданы, 2-орын Іле ауданы, 3-орын Қарасай ауданы. Қыздар арасында 1-орын Көксу ауданы, 2-орын Текелі қаласы, 3-орын Кербұлақ ауданы. 9-11 сынып ұлдар арасында 1-орын Текелі қаласы, 2-орын Еңбекшіқазақ ауданы, 3-орын Ескелді ауданы. Қыздар арасында 1-орын Көксу ауданы, 2-орын Панфилов ауданы, 3-орын Іле аудандары мен қалалары иеленді. Қамтылған оқушылар саны 420.
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.03.2019

Әдістемелік семинар

«Жаңартылған білім мазмұны аясында математикалық сауаттылықты арттыру жолдары» жобасы аясында математиканың күнделікті өмірдегі маңызы мен қолданысын толық қамту үшін білімді практикада қолдану дағдысын дамытуда бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қаратал ауданы, М.Горький атындағы орта мектеп базасында әдістемелік семинар өткізді. Жалпы орта білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған есептерді шығару жолдары талқыланды. Аталған шараға 30 педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 141 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.03.2019

«Білім беру ұйымдарының педагог-психолог қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық оқыту семинары

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Кешенді түзету» жобасы аясында 2019 жылдың 13 наурыз күні Кербұлақ ауданында «Білім беру ұйымдарының педагог-психолог қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық оқыту семинары өткізілді. Педагог-психологтар арасында тиімді жұмыс істеу режимін қалыптастыру, әрбір білім алушыға психологиялық түзету-дамыту және қолдау көрсету қызметінің сапасын арттыру мақсатында шебер сыныптар өткізілді. Аталған шараға 45 педагог-психолог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.03.2019

«Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшінің рөлі»

«Болашаққа қадам» жобасы аясында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 13 наурызында Алакөл ауданы, Үшарал қазақ гимназиясы базасында сынып жетекшілерінің қызметін үйлестіруде әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу, өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшінің рөлі» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Аталған шараға Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты. Жалпы – 50 педагог қамтылды.
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.03.2019

«Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың белсенді формаларының енгізілуі» тақырыбында ашық есік күні

Жаңартылған бағдарлама аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Текелі қаласы, №4 орта мектеп базасында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың белсенді формаларының енгізілуі» тақырыбында ашық есік күнін өткізді. Жалпы орта білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында сабақты жоспарлау, оқытудағы қалыптастырушы бағалау мен саралау жұмыстары туралы мәселелер талқыланды. Аталған шараға 30 педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.03.2019

Футзалдан облыстық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысының ашылу салтанаты

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2019 жылдың 11 - 15 наурыз күндері аралығында футзалдан облыстық «Ұлттық мектеп лига» жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Жарыстың ашылу салтанаты Көксу ауданының Балпық би ауылындағы Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында 2019 жылғы 12 наурыз күні өтті. Облыстың әр өңірлерінен 32 команда қатысып, 420 оқушы қамтылды.
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.03.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.