A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

"Балалар үшін бірге" атты іс-шара

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.11.2019
Оқылды: 51 Печать страницы

"Айналайын "балалар үйі" КММ Талдықорған қаласының прокуратурасымен бірлесіп, Дүниежүзілік балалар күніне, Қазақстан Республикасының БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл және 25 жыл толуына орай 2019 жылы 20 қарашада "Балалар үшін бірге" атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін, 1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Бас Ассамблеясы қабылдаған БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру.

Кеш қонақтары облыстық білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Молотова Алиям Максимовна, Талдықорған қалалық прокуратурасының «Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің» прокуроры Нургалиева Жанна Берікқалиқызы, Талдықорған қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы Елютаев Руслан Мырзағалиевич, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас, қамқоршылық кеңестерінің мүшелері және т.б.

Іс-шара барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Андабаева балаларға өз құқықтары мен міндеттері туралы сұрақтар қойып, топтық жұмыстар орындатып, құқықбұзушылыққа қатысты әртүрлі жағдаяттарды талқылады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Жанайбекова Дүниежүзілік балалар күніне арналған онкүндігі аясында өткен іс-шаралармен таныстырып, облыстық прокуратурасымен бірлесіп түсірген «Үзілген үміт» фильмін көрсетті.

Басқарманың қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы А.Молотова мен балалар үйінің директоры Ж.Сейсембаеваға қорытынды сөз кезегі беріліп, кеш балалардың орындауындағы «Бір үйдің баласындай» әнімен аяқталды.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.