
2019 жылдың 21-24 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар, жастар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасындағы «Make it possible» Республикалық Спартакиадасы өтті. Аталған жарысқа Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы Енбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының облыстық көру қаблеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларын қатысу үшін жіберді. Келесі спорт түрлері бойынша жеңімпаз атанған:
1-орын
Тоғызқұмалақ - Нүсіпбек Нүркелді,
Асық атудан - Марат Қасымхан
2-орын
Тоғызқұмалақ - Тұрсын Аружан
Асық атудан - Джумадилла Аннас
Жарысқа 17 өңір, 3 облыс орталығының командалары қатысты. Жалпы командалык есепте Алматы облысы 2 жүлделі орынға ие болды.