A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Жаңалықтар

Облыстық «Ең үздік арнайы пән оқытушысы – 2017» байқауы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.06.2017
Оқылды: 148 Печать страницы
Облыстық «Ең үздік арнайы пән оқытушысы – 2017» байқауы

Алматы облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік кабинетімен бірлесіп «Ең үздік арнайы пән оқытушысы - 2017» байқауын өткізді.

Байқауға Жаркент гуманитарлық-техникалық, Үшқоңыр су шаруашылығы, Талдықорған агро-техникалық, Кәсіптік оқудағы көпсалалы, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар, Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік, Бақанас аграрлы-индустриалдық, С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық, Қапал кәсіптік-техникалық, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар, Сарқан политехникалық, Қапшағай көпсалалы, Қаскелең Гуманитарлы - техникалық, Есік медициналық, Талғар политехникалық колледждерінің (жалпы саны-15) арнайы пән оқытушылары қатысты.

Байқаудың мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары педагогикалық қызметкерлерінің шығармашылық қабілетін дамыту мен оқытудың инновациялық технологияларын айқындау, білікті, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды анықтау, озық іс-тәжірибелерін тарату.

Байқау сарапшылары ретінде І.Жансүгіров атындағы ЖМУ кәсіптік оқыту кафедрасының доценті профессор С.Алмуханбетов, т.ғ.к. А.Кұрманбаев, облыстық әдістемелік кабинет меңгерушісі А.Қабдұлова, Талдықорған өңірлік педагог қызметкерлерінің кәсіптік одағы Кеңесінің бас маманы Г.Омаровалар шақырылды.

Қорытындылай келе, Бас жүлдені - Талдықорған агро-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Тұрсынбек Серік жеңіп алды. Ал, І - орынды Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы Жанабекова Жазира иеленсе, ІІ - орынды Жаркент гуманитарлық-техникалық және Каскелең гуманитарлы-техникалық колледждерінің Ниетбаева Бану мен Алдабергенова Гүлжанат бөлісті, ІІІ - жүлделі орынды Алимжанова Қарлығаш, С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық, Мендибаева Гүлхан, Кәсіптік оқытудағы көпсалалы, Оборина Надежда, Қапшағай көпсалалық колледждерінің арнайы пән оқытушылары иемденді.

Өзге қатысушылар атаулы номинациялармен марапатталды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.