A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Жаңалықтар

Оқу жылының басталуы туралы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.08.2017
Оқылды: 230 Печать страницы

Алматы облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №11-2/420 хатына сәйкес төмендегіні хабарлайды:

1) Құрбан айттың бірінші күні ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте атап өтілетін болғандықтан Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 84-бабы 5-тармағына сәйкес оқу жылының басталуы 2 қыркүйекке ауыстырылады;

2) «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 531 бұйрығына сәйкес критериалды бағалау жүйесінің 1-11 сыныптарға арналған журналы бекітілген.

3) «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 265 бұйрығымен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бағалау жүйесі бекітілген.

Жаңа бағалау жүйесі және жоғарыда аталған журнал 2017-2018 оқу жылында 1,2,5 және 7 сыныптарда қолданылуы тиіс. Осыған орай, жаңа журналды сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

4) «Орта білім беру ұйымдарында 2017 - 2018 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 292 бұйрығының қазақша нұсқасы басшылыққа алу үшін қоса беріледі.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.