A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Жаңалықтар

Алматы облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз Кеңесі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.08.2017
Оқылды: 136 Печать страницы
Алматы облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз Кеңесі

2017 жылдың 24 тамызында І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0. – білімнің үлесі» тақырыбында облыстық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісі өтті.

Кеңеске Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары, экономика ғылымдарының докторы Е.Т.Садықов, аудан әкімдері, облыстық мекемелердің басшылары, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, педагог қызметкерлер, ата-аналар және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Пленарлық мәжіліске дейін облыстың білім беру ұйымдарының көрмесі таныстырылып, білім саласында жетістіктері бар педагогтар жайлы «Ел құрметтер есімдер» тақырыбында пилларс және Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясындағы «Үздік жобалар әзірлемесі» байқауына ұсынылған жұмыстардан бейнефильм көрсетілді.

Өткен оқу жылының қорытындыларын талдап, жаңа оқу жылының бағыт - бағдарын айқындайтын алқалы жиында білім басқармасының басшысы Л.Т.Базарқұлова «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білімнің үлесі» тақырыбында жасаған баяндамасында білім саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа оқу жылындағы жоспарларымен бөлісті. Оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беру, білім беру жүйесін жаңғырту, білім сапасын көтеру, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін оқып-үйрену және оны жалпы орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне енгізу, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын орындау, жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу, орта білім берудегі үштілділік аясында жаратылыстану ғылымы пәндерін үш тілде оқыту тәрізді маңызды мәселелерге тоқталды.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Е.Т.Садықов 2017-2018 оқу жылындағы жаңашылдықтар мен алдағы міндеттер туралы айтты.

Пленарлық мәжілісті облыс әкімі А.Г.Баталов қорытындылап, облысымыздың үздік педагогтарын марапаттады.

Тамыз кеңесінің қарары қабылданып, облыстың педагог қызметкерлеріне «Өмір бойы білім алу» парадигмасының талаптары мен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес отандық және әлемдік тәжірибе негізінде оқу-тәрбие үрдісіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу арқылы білім сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастырып, мектеп жасындағы барлық балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттігі міндеттелді. Сондай-ақ, 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық, электрондық оқыту жүйесінің енгізілуіне байланысты және TIMSS, PISA халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, мектепке дейінгі оқыту сапасын жоғарылату, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық көмек көрсету, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

Тамыз кеңесінің 2 - ші бөлімі Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясы және Талдықорған сервис және технологиялар колледжінің базасында 32 бағыттағы секциялық отырыс жұмыстарымен жалғасты.

Секция отырысында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық процестерді дамытуда әдістемелік қызметтің рөлі мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану тәсілдерін жетілдіру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, жалпы білім беру мекемелерінде үштілді оқытудың жайы және даму болашағы туралы жан-жақты талдау жасалып, 5,7 сыныптарда жаңартылған білім беру бағдарламасы мен критериалды бағалау жүйесін енгізу, қосымша және инклюзивті, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.