A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Жаңалықтар

«Мақтанышым менің - Астана» тақырыбындағы Президенттік шырша мерекесі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.12.2017
Оқылды: 68 Печать страницы
«Мақтанышым менің - Астана» тақырыбындағы Президенттік шырша мерекесі

2017 жылғы 22 желтоқсанда «Мақтанышым менің - Астана» тақырыбындағы Президенттік шырша мерекесі Талдықорған қаласында тұңғыш рет Көрме павильонында өтті.

Мерекелік шыршаға әр аудан, қаладан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасының балалары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, оқу үздіктері мен белсенділері (барлығы 200 оқушы) қатысты.

Шырша мерекесіне қатысушыларды аниматорлар, ертегілер кейіпкерлері, әншілер мен музыканттар қарсы алып, жаңа жылдық әндерді қосыла шырқады.

Мереке қыс мезгілінің сұлулығы туралы хореографиялық қойылыммен ашылды. Балалар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа жылдық бейнеқұттықтауын тыңдады.

Сонымен қатар балаларды облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, балалар үйлерінің балаларына сыйлықтар тарту етті.

Шараға ардагер ұстаздар, департамент, басқарма басшылары қатысып балаларға деген жылы лебіздерін білдірді.

Шара театрландырылған көрініспен жалғасып, балалар Аяз Атаның көмегімен жаңа жылдық шыршаның шырағын жақты. Цирк өнерпаздары қызықты шоуларын ұсынды. Ел Президентінің атынан оқушыларға сыйлықтар таратылып, тәтті тағамдардан дастархан жайылды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.