A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Мектеп оқушылары арасында «Қазақстан – саяхат елі» тақырыбына эссе жазу сайысының қорытындысы шығарылды

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 26.12.2017
Оқылды: 198 Печать страницы
Мектеп оқушылары арасында «Қазақстан – саяхат елі» тақырыбына эссе жазу сайысының қорытындысы шығарылды

«Көшбасшы жолы» турына қатысқан мектеп оқушылары арасында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырған «Қазақстан – саяхат елі» тақырыбына эссе жазу сайысының қорытындысы шығарылды.

Бұл сайыс аталмыш турлар туралы оқушылардың пікірін анықтау мақсатында ұйымдастырылған болатын. Өз шығармаларында оқушылар сапардан алған әсерлері мен сезімдерін сипаттап, барған көрікті орындары туралы баяндады, сондай-ақ еліміздегі туризмді дамыту жолдары жайлы ойларымен бөлісті.

Мысалы, елордамызға келген оқушылар үшін Назарбаев Университетінде өткен экскурсия керемет әсер қалдырды, сондықтан көбі өз оқуын осы университетте жалғастырмақ ойы бар екенін атап өтті.

Тұңғыш Президент Мұражайы мен Кітапханасы оқушылар үшін өте танымды әрі қызықты болды, және де оларды жақсы оқып, белсенді болу үшін қосымша ынталандырды.

Алматы облысына сапарға барған оқушылар өз жұмыстарында Қаскелен қаласындағы Тарихи-өлкетану мұражайына және Үшқоңыр аулындағы Елбасы оқыған мектепке ерекше көңіл бөлген.

Жалпы алғанда, бұл турлар өскелең ұрпаққа өз елін танып-білуге жақсы мотивация бергені байқалды. Оқушылардың келешекте де Қазақстан бойынша сапарларға шығып тұру талпынысы шығармаларда айқын көрінді.

Ұлттық компания мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының өкілдерінен құралған арнайы сайыстық комиссия мүшелері алты облыстың әрқайсысынан, яғни Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан үш жеңімпаздан анықтады. Алматы облысы бойынша 1 орын - Айып Айдар Бекболатұлы (Райымбек ауданы), 2 орын - Сағат Елдар Болатжанұлы (Іле ауданы), 3 орын - Зтелеу Ұлпан (Райымбек ауданы) иеленді. Жүлдегерлер планшет, смартфон, смарт-сағаттар тәрізді құнды сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, облыстық білім басқармалары оларға мақтау қағаздарын табыстады.

Сайысты қорытындылай келе, комиссия мүшелері жоғары оқу орындарын аралататын «university tours» деген атпен белгілі турлар мектеп оқушылары арасында үлкен сұранысқа ие екеніне назар аударды. Әдетте мұндай турларды ЖОО-лар түлектерді тарту үшін ұйымдастырады.

Еске сала кетейік, Елбасының қызметімен тығыз байланысты жерлерді қамтитын «Көшбасшы жолы» атты алғашқы турларды күзгі демалыс кезінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен өткізген болатын.

Бұл турларға Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облысынан 13-17 жас аралығындағы белсенді және үздік 480 оқушы қатысты.

 

«Kazakh Tourism» ҰК » АҚ

тел. 8 7172 550 129, press@qaztourism.kz

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.