A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі туралы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 08.01.2018
Оқылды: 378 Печать страницы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 қазандағы №544 бұйрығына сәйкес 2018 жылғы 5-6 қаңтар аралығында Талдықорған қаласының №9 орта мектеп базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – облысымыздағы дарынды балалардың ерекше қабілеттерін айқындау, жеке тұлғаның өз бетінше дамуына ықпал ету және республикалық олимпиадаға қатысу үшін балаларды іріктеуден өткізу.

Биылғы жылы облыс бойынша 800-ге жуық оқушы қатысып, 13 пәннен теориялық білімі мен практикалық іскерлігін сынады.

Оқушылардың білімдерін тексеріп, әділ баға беру үшін әл-Фараби атындағы Қаз-ҰУ, «Тұран» университтерінің ғылым докторлары, профессорлары және «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» эксперт-мұғалімдері арнайы шақырылды.

Қазылар алқасының құрамына республикалық, халықаралық және дүниежүзілік олимпиадаларының жеңімпаздары Алматы облысының түлектері Жақсылықов Азамат - University of Wisconsin Madison, USA, Phd in Physics, Бурумбай Санжар - Қазақстан-Британ техникалық университеті (KBTU), Санабай Нұргелді - М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Сатылханов Темірлан - Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Серік Еркін - әл-Фараби атындағы Қаз-ҰУ-нен шақырылды.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдарымен алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес республикалық ұйымдастыру комитетінің шақыртуы бойынша І диплом иегерлері республикалық олимпиаданың келесі кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.

2018 жылғы республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі Атырау қаласында - жаратылыстану-математикалық бағытта, Қостанай қаласында – қоғамдық-гуманитарлық бағытта өткізіледі.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.