A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Мектепішілік бақылау - білім сапасын басқару құралы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 25.01.2018
Оқылды: 174 Печать страницы
Мектепішілік бақылау - білім сапасын басқару құралы

Алматы облысы білім басқармасы 2018 жылдың 25 қаңтарында «Табысты басшы» жоба аясында білім сапасын арттыруда мектеп басшыларына инновациялық басқару мен мектепішілік бақылауды жоспарлау, тиімді ұйымдастыру бойынша кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында «Мектепішілік бақылау - білім сапасын басқару құралы» тақырыбында мектеп басшыларына арналған облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Тлеутайқызы Омарова, «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының өкілдерімен дарынды балаларға арналған арнаулы лицей, гимназия директорлары және жалпы орта білім беру ұйымдары басшылары қатысты.

Басқарма басшысының орынбасары М.Омарова семинардың таңғы сессия жұмысын алғы сөзімен ашып, мектеп басшыларына заманауи мектепті басқаруда табысты білімге қол жеткізу үшін мектепішілік бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

Білім сапасын жетілдірудегі мектепішілік бақылаудың маңызы жайлы «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» акционерлік қоғамы филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Алматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Бағдагүл Сайфуллақызы жаңартылған білім беру жағдайында табысты мектепке жетудің жолдары жайлы өз ойымен бөлісті.

Семинардың күндізгі сессиясы тәжірибе бөлісу алаңымен жалғасты. Онда мектеп басшылары мен орынбасарлары білім сапасын арттыруда мектепішілік бақылауды жоспарлау, басқару, іске асыру жолдары жайлы өз тәжірибелерімен бөлісіп, шебер-кластар өткізді. Семинарға 150-ден астам білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.