A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

PISA халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 03.03.2018
Оқылды: 185 Печать страницы
PISA халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Іле ауданы №20 орта мектеп базасында «PISA халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты облыстық семинар-практикум өтті.

PISA халықаралық зерттеу жобасының жаңартылған концепциясымен таныстыру мақсатында өткен шараны басқарма басшысының орынбасары Майгүл Тлеутайқызы Омарова ашты. «ӨРЛЕУ» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы АОБПҚБАИ Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф-м.ғ.к., доценті А. Мустафаев, Талдықорған қаласы №9 орта мектептің директоры Л. Есботанова, Қарасай ауданы әл-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын арнаулы гимназиясы директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Мустафина,

Сарқан ауданы, №1 орта мектеп-гимназиясының биология-химия пәндері мұғалімі, «Үздік педагог» атағының иегері Т.Станкевич өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар-практикумға 60 мектеп басшылары мен білім бөлімдерінің мамандары қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.