A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Алматы облысының оқушылары математика және механика бойынша Халықаралық ғылыми жарысында жеңіске жетті

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 06.03.2018
Оқылды: 219 Печать страницы
Алматы облысының оқушылары математика және механика бойынша Халықаралық ғылыми жарысында жеңіске жетті

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» РҒПО 2018 жылғы 1-3 наурыз күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының VІІІ Халықаралық конкурсын өткізді.

Конкурстың негізгі мақсаты – математика және механика саласына қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау. Іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан 203 оқушы ғылыми жобаларын ұсынды, сонымен қатар Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінің оқушылары қатысты.

Конкурс корытындысы бойынша Алматы облысының Алакөл, Талғар аудандарының және Дарынды балаларға арналған №20 лицейінің 4 оқушысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды (ІІ орын-3 оқушы, ІІІ орын-1 оқушы).

ІІ орынды - Талдықорған қаласының дарынды балаларға арналған №20 лицейінің оқушылары Ералиева Мадина, Зайцева Софья,

ІІ орынды - Алакөл ауданы, Жыланды орта мектеп-лицейінің оқушысы Қадылхан Айдана,

ІІІ орынды Талғар ауданы, №24 орта мектебінің оқушысы Берикханова Асель иеленді. Құттықтаймыз!

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.