A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XІV Халықаралық ғылыми жарыстарының қорытындысы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 12.04.2018
Оқылды: 98 Печать страницы
«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XІV Халықаралық ғылыми жарыстарының қорытындысы

Ғарышкерлер күні қарсаңында 2018 жылдың 4-8 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XІV Халықаралық ғылыми жарыстары өтті (бұдан әрі - Жарыс).

Жарыстың мақсаты - ғарыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу, Космос және Жер туралы ғылым саласындағы қолданбалы зерттеулерге оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ынталандыру болып табылады. Іс-шараның құрметті қонағы ретінде Ғарыш және Жер туралы ғылым саласындағы танымал отандық ғалымдар шақырылады.

Жарыс 5 секция бойынша өткізілді: «Зымырандық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Экология және ғарыштық қызмет», «Астрофизика және Дүние жүзінің эволюциясы», «Күн жүйесі».

Сонымен қатар бағдарламаға сәйкес оқушылар Байқоңыр қаласының ғарышалаңы мұражайына, «СОЮЗ» ғарыш тасығыш-зымыранға, «Боран» орбиталдық кемеге, академик С.П.Королевтың және тұңғыш Жер планетасының ғарышкері Ю.А.Гагариннің мемориалдық үйлеріне саяхат жасады.

«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер жарысына Қазақстанның әр облысынан келген жас оқушы ғалымдар қатысып өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша Ережеге сәйкес Дарынды балаларға арналған №20 лицейінің 11 сынып оқушылары Сәрсен Жалғас, Байтас Али ІІ дәрежелі диплом және Қапшағай қаласы, Орта мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Кожахметов Бибарыс ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.