A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Жаңалықтар

Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 13.04.2018
Оқылды: 20 Печать страницы
Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ОМ базасында химия, биология пәндерін ағылшын тілде оқытуда тілдік курстан өткен B1, В2 және С1 деңгейін меңгерген педагогтардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға» атты шебер-класс өтті.

Іс-шарада Талғар қаласы Ю.Гагарин атындағы №8 ДБАГ-ның биология пәні мұғалімі Байдаулет Тілек «Қанның құрамы және оның қызметі» (The composition and function of the blood), Еңбекшіқазақ ауданы А.Малкеев атындағы «Білім-инновация» лицейінің химия пәні мұғалімі Д.Исаков «Оксидтер» (Oxide), Еңбекшіқазақ ауданындағы В.Терешкова атындағы ОМ-нің биология пәні мұғалімі Т.Заитова «Понятие о ДНК, как хранителе и носителе генетического материала» және О.Мухаммади атындағы ОМ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі М.Машурова «Health problems» ашық сабақтар өткізді.

Аталған шарада облыстық әдістемелік кабинеттің жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Г.Иманхатова мен Көктөбе ОМ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі, тілдік деңгейді арттыру бойынша сертификатталған тренер С.Супиева «Химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту қажеттілігі мен ондағы қиындықтарды шешу жолдары» тақырыпта дискуссиялық алаң жүргізді. Ал, білім беру менеджменті және инновациялық қызмет бөлімінің басшысы Е.Немеребаев «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясының ерекшелігі (CLIL әдісі)» тақырыбында тәжірибелік алаң жұмыстарын өткізді.

Шебер-класс алаңында «Биология», «Физика», «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқытатын пилоттық мектептердің педагогтары өз тәжірибелерін ортаға салды. Аталаған шараға 44 педагог қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.