A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 11.05.2018
Оқылды: 87 Печать страницы
Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға

Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласы «Білім-Инновация» лицейі базасында химия, биология, физика, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуда тілдік курстан өткен B1, В2 және С1 деңгейін меңгерген педагогтардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға» атты шебер-класс өтті.

Іс-шарада Талдықорған қаласының №8 ОМ-нің химия пәні мұғалімі А.Нуржанова «Генетическая связь между простыми веществами, оксидами, основаниями, кислотами и солями» (The genetic link between simple substances, oxides, bases, acids and salts), №2 ОМ-нің физика пәні мұғалімі Көшеген Мақсат «Electromagnetic induction low», №21 ОМ-нің биология пәні мұғалімі Ж.Серикова «Application of bacteria. The importance of bacteria in nature and in human life» (Laboratory work №13. "Study of the production of yoghurt and cheese), №14 ОМ-нің информатика пәні мұғалімі Ж.Баймуратова «Редакторға кіріктірілген нысандар» (Additional objects to editov) және «Білім және инновация» лицейінің химия пәні мұғалімі Д.Мусатаев «Сульфаттар» (Sulfur), физика пәні мұғалімі А.Мирманов «Diffusion», биология пәні мұғалімі А.Мажитханов «Ас қорыту жүйесі» (Degistive system), информатика пәні мұғалімі Д.Ибраев «Using "Follow me" tool to shape corners» ашық сабақтар өткізді.

Аталған шарада облыстық әдістемелік кабинеттің жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Г.Иманхатова мен Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ОМ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі, тілдік деңгейді арттыру бойынша сертификатталған тренер С.Супиева «Химия, биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту қажеттілігі және қиындықтарды шешу жолдары» тақырыбында дискуссиялық алаң жүргізді. Ал, әдістемелік кабинет әдіскерлері С.Идрисова, Н.Сейілбеков «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясының ерекшелігі (CLIL әдісі)» тақырыбында тәжірибелік алаң жұмыстарын өткізді.

Іс-шара барысында «Химия», «Биология», «Физика», «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқытатын пилоттық мектептердің педагогтары өз тәжірибелерін ортаға салды. Аталған шараға 45 педагог қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.