A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Алматы облысының «Үміт қанаттары» жас педагогтар форумы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 15.06.2018
Оқылды: 62 Печать страницы
Алматы облысының «Үміт қанаттары» жас педагогтар форумы

2018 жылдың 13 маусымында Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында педагог мамандығының беделін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында «Үміт қанаттары» жас педагогтар форумы өтті.

Форум аясында робот техниктер көрмесі ұйымдастырылып, CLIL әдісі, смарт-оқыту мен ғылыми шеберхана, әдістемелік панорама және стартап (Startup) идеялар бойынша TED панель жұмыстары жүргізілді. Секция жұмыстары барысында жас мамандар өзара пікір алмасу арқылы өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытудағы өзекті мәселелерді талқылады.

Форум жұмысын облыстық білім басқармасының басшысы Д.Жүнісов қорытындылады. Дарынды балалармен нәтижелі жұмыс істеп жүрген және үздік тәжірибе таратқан педагогтарды алғыс хаттармен марапаттап, заманауи білім берудегі трендтер (smart-оқыту, білім берудегі робототехника, стартап, CLIL әдісі, интербелсенді әдістер) бойынша тәжірибе таратқан тәлімгер ұстаздарға сертификаттар табыс етті. Сонымен қатар, «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» 12 республикалық педагогикалық олимпиадасының жүлдегерлері ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтары берілді.

Жас педагогтар Форумы соңында қарар қабылданды.

Форумға облыс бойынша білім беру ұйымдарынан 300 жас маман қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.