A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Техникалық және кәсіптік оқу орындарының арасында «Ең үздік арнайы пән оқытушысы» атты облыстық байқау

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 02.07.2018
Оқылды: 120 Печать страницы
Техникалық және кәсіптік оқу орындарының арасында «Ең үздік арнайы пән оқытушысы» атты облыстық байқау

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары педагогикалық қызметкерлерінің шығармашылық қабілетін дамыту мен оқытудың инновациялық технологияларын айқындау мақсатында ұйымдастырылған «Ең үздік арнайы пән оқытушысы-2018» байқауы 28-29 маусым аралығында Талдықорған агротехникалық колледжінің базасында өтті.

Байқауға облыс колледждерінен 16 арнайы пән оқытушылары қатысты. Қатысушылар байқаудың бірінші кезеңінде ашық сабақ өткізіп, екінші кезеңде портфолиолар таныстырылымын жасады.

Байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» (70000 мың теңге сый ақы)

Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы Ерходжаева Айгуль; I орын – (60000 мың теңге сый ақы) Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің арнайы пән оқытушысы Асхатұлы Ернат; II орын (50000 мың теңге сый ақы) Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Тенизбаева Мерверт Молдахметовна; (50000 мың теңге сый ақы) II орын – Алматы экономикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Есифидис Афина Владимировна; (45000 мың теңге сый ақы) III орын – Талдықорған политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Қойшыбай Талғат Болатұлы; III орын (45000 мың теңге сый ақы) Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейтов атындағы саз колледжінің арнайы пән оқытушысы Байгобек Анар Сабырқызы; III орын (45000 мың теңге сый ақы) Талдықорған сервис және технология колледжінің арнайы пән оқытушысы Кулюгова Анеля Есейбайқызы.

2. Сонымен қатар, 30000 мың сыйақы (әр қайсысы) тағайындалған «Зерттеуші педагог» - Талғар медицина колледжінің арнайы пән оқытушысы Сыдыкова Бағдагүл Теңізбайқызы, «Шығармашыл педагог» – Ақсу политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Молдақымет Бәнугүл; «Заманауи сабақ» – Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің арнайы пән оқытушысы Есимова Жанар Аманқұлова; «Жаңашыл педагог» – Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Оспанова Жадыра Есимханқызы; «Шығармашылық жолында» – Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық колледжінің арнайы пән оқытушысы Исмайлова Ұлжан Қойлыбайқызы номинацияларымен марапатталды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.