A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Табысты мектеп жолында: жаңа стратегиялар мен сапалы білімге қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктері»

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 21.12.2018
Оқылды: 60 Печать страницы
«Табысты мектеп жолында: жаңа стратегиялар мен сапалы білімге қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктері»

Алматы облысының білім басқармасы 2018 жылдың 20 желтоқсанында заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларына кәсіби қолдау көрсету мақсатында «Табысты мектеп жолында: жаңа стратегиялар мен сапалы білімге қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында директорлар Форумын өткізді. Форумның пленарлық жиынын өзінің алғы сөзімен Алматы облысы білім басқармасы басшысы Дәурен Хабдолданұлы Жүнісов ашты.

Пленарлық мәжілісте Алматы менеджмент Университетінің Бірінші проректоры Алмагуль Медихатовна Канагатова, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Серік Мұқтарұлы Кенесбаев, Қазақстан Республикасындағы «Синергия» Университетінің Президенті Касымбергебаев Бауржан Тилеубергенович, «Astana Garden School» заманауи мектебінің құраушысы, CAGS басқару компаниясының директоры Нурмухаммед Досыбаев, Республикалық физика-математика мектебінің директоры Алмаз Мұхамбетұлы Күнғожин, Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Виктор Николаевич Сосин өз тәжірибелерін ортаға салды.

Форумның екінші кезеңі тәжірибе алаңдарында «Үздіксіз білім беруде оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару», «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының басты құндылықтарына негізделген оқыту мен тәрбие үрдісі», «Білім беру мен оқытудағы өзгерістер - инновациялық қызметтің негізі», «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін және кәсіби құзыреттілігін дамыту», «Табысты білім беруде - оқушы қажеттілігі», «Тәжірибені зерттеу білім беру процесін жақсарту тәсілі ретінде» деген тақырыптар бойынша секция жұмыстары жүргізіліп, көшбасшы директорлар шебер-кластар өткізді.

Табысты мектеп жолында сапалы білімге қол жеткізудің мүмкіндіктері жайлы ауқымды мәселелер талқыланатын бұл Форум жұмысын білім басқармасы басшысы Д.Жүнісов қорытындылап, қатысушылар ұсыныстар қабылдайды. Форумға 290-нан аса қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, республикалық, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей, гимназия, жекеменшік мектеп директорлары мен жалпы орта білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.