A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» Президенттік шырша мерекесі

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 26.12.2018
Оқылды: 63 Печать страницы
«Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» Президенттік шырша мерекесі

Алматы облысында «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» атты тақырыппен Президенттік шырша мерекесі өтті. Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында ұйымдастырылған жаңа жылдық мерекеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалар аз қамтылған отбасыларынан шыққан, балалар үйінде тәрбиеленген оқушылар, оқу үздіктері – жалпы саны 200 бала қатысты.

Президенттік шыршаның кішкентай қонақтарын танымал ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлері, аниматорлары, бишілер, әншілер мен цирк әртістері қарсы алды. Экран арқылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев балаларға бейнеқұттықтауын жолдады.

Мұнан соң жетісулық жас өркенді облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

- Қымбатты балалар! Сендер жаңа ғана ел Президентінің өздеріңізге арнаған жүрекжарды лебізін тыңдадыңыздар. Елбасы өз тілегінде сендердің тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқан бақытты балалар екендеріңді атап өтті. Осы құндылықты сақтап, бағалай біліңдер. Біз өз тарапымыздан сендерге және барлық ізгі бастамаларға әрқашан қолдау көрсететін боламыз. Ең бастысы, жақсы оқып, зейінді болып, үлкенді құрметтей біліңдер. Бұл мереке сендер үшін ұйымдастырылып отыр. Жаңа жылда аяулы армандарың орындалсын, сендерге мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй тілеймін! Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! 2019 жыл сендерге мол қуаныш, жақсы жаңалықтар алып келсін! – деп А. Баталов Мемлекет басшысының атынан әр балаға жаңа жылдық сыйлықтар – қыстық сырт киімдер мен спорттық киімдер, мектеп сөмкесін, тәттілер, құттықтау хаттары мен кітаптар табыстады.

Балалардың атынан «Айналайын» балалар үйінің тәрибеленушісі, бесінші сынып оқушысы Ирина Веснина мен №1 балалар үйінен 7 сынып оқушысы Ұлықпан Қабылбеков ортаға шығып, жаңа жылдық мереке үшін Президенттің атына балалық тілектерін айтып, елдің азаматы болуға бар күш-жігерлерін арнайтындықтарын жеткізді.

Мереке барысында қыс мезгілінің ерекшеліктері мен жаңа жылдық таңғажайыптар туралы театрландырылған шоу көрсетілді. Аяз Ата мен Ақшақар, балалардың сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлері, аниматорлар мен әртістер мерекенің шырайын кіргізді. Цирк әртістері мен гимнасттардың өнеріне балалар қуана қол соқты. Жаңа жылдық мереке балаларға арналған фуршетпен аяқталды.

«Фото, видео: Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы»

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.