A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Жас менеджер» облыстық байқауы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 14.05.2019
Оқылды: 84 Печать страницы
«Жас менеджер» облыстық байқауы

2019 жылдың 14 мамырында «Алматы облысының білім басқармасы» ММ облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім беру және ғылымды дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасын және «Табысты басшы» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Жас менеджер» облыстық байқауы өтті.

Басқару тиімділігін арттыруға бағытталған ең тиімді менеджерлік тәжірибелерді анықтау, менеджердің жағымды имиджін құруға және таланттарын арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын басшыларды анықтау, қолдау, мадақтау мақсатында байқау 2 кезеңді қамтыды: 1. «Мектепті басқару моделі», 2. «Менің кәсіби көзқарасым».

Қатысушылар байқау ережесіне сәйкес мектепті басқару моделін қорғап, білім саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар жайлы өзіндік кәсіби пікірін білдірді.

Байқауға 18 жас мектеп менеджері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:

І орын – Сакалова Майнура Толегеновна, Еңбекшіқазақ ауданы Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп директоры

ІІ орын – Курмангалиева Гульжан Рамазановна, Алакөл ауданы Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебінің директоры

ІІ орын – Жаакпекова Жанар Ебраевна, Текелі қаласы "№8 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ-нің директоры

ІІІ орын – Тиктенбаев Мамед Адилханович, Жамбыл ауданы Сұңқар орта мектебінің директоры

ІІІ орын – Иманбекова Ляйля Мукатаевна, Талдықорған қаласы Н.Островский атындағы №8 орта мектеп директоры

ІІІ орын – Джакубаева Улмекен Базархановна, Панфилов ауданы, Абай атындағы орта мектеп директоры

«Стратег жас менеджер» номинациясы – Сагимбекова Галия Курманхановна, Іле ауданы №23 орта мектеп директоры

«Шығармашыл жас менеджер» номинациясы – Бакеев Алмат Саматович, Балқаш ауданы Жиделі орта мектебінің директоры

«Шағын жинақты мектептің жас менеджері» номинациясы – Оспанов Ермек Алтынбекұлы, Кербұлақ ауданы Тастыөзек орта мектебінің директоры.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.