A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Заманауи колледждің даму стратегиясы: колледждегі басқару және басқаруды жоспарлау

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 20.06.2019
Оқылды: 128 Печать страницы
Заманауи колледждің даму стратегиясы: колледждегі басқару және басқаруды жоспарлау

Алматы облысы білім басқармасы мен облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған жоғары политехникалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшылары арналған «Заманауи колледждің даму стратегиясы: колледждегі басқару және басқаруды жоспарлау» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңесте кәсіптік білім мазмұнын жаңғырту жағдайында ең қажет индустриялды-сервистік 100 мамандық бойынша облысымызда «Жас маман», «Табысты басшы» жобаларын іске асырудағы өзекті мәселелер қаралды. Техникалық және кәсіптік білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «WorldSkills Taldykorgan -2019» аймақтық чемпионатының қорытындысы тыңдалды.

Білім беру ұйымдарын инновациялық басқаруда озық педагогикалық идеялар мен тәжірибелерді тарату және өзара қызметтестік аясын кеңейту мақсатында «Казинтерсервис» ЖШС, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі, А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты басшылары шақырылды.

Колледждегі басқару мен стратегиялық жоспарлауда басшы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін шыңдауда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті біліктілік арттыру Институты мен Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базаларында семинар-кеңес жұмысы жалғасты. Семинар-кеңес жұмысына 75 колледж директорлары қатысты.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.