A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Ең үздік арнайы пән оқытушысы-2019» облыстық байқау

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 24.06.2019
Оқылды: 61 Печать страницы
«Ең үздік арнайы пән оқытушысы-2019» облыстық байқау

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының шығармашылық белсенділігі мен кәсіби біліктіліктерін арттыруда облыстық білім басқармасы «Ең үздік арнай пән оқытушысы-2019» байқауын 20-21 маусымында Талдықорған агротехникалық колледж базасында өткізді.

Байқауға 18 арнайы пән оқытушылары қатысты. Қатысушылар байқаудың бірінші кезеңінде ашық сабақтар көрсетіп, екінші кезеңде жетісітіктер портфолиосының презентациясын жасады.

Байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» (50 000 теңге ) Талдықоған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Тойшыбекова Асель Биболатовна; I орын – (40 000 теңге) Талғар политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Сарсебекова Гаухар Сапаргалиевна; II орын (30 000 теңге) Талдықорған агро-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Сопыбаев Нұржан Болатұлы және Бақанас аграрлы – индустриалдық колледжінің арнайы пән оқытушысы Нұрман Мақсат Маратұлы (30 000 теңге); III орын – Есік гуманитарлық – экономикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Нусипова Зиба Айткуловна, Талдықорған қаласындағы Қ.Байсейтов атындағы саз колледжінің арнайы пән оқытушысы Наурызов Рүстем Кәмілұлы мен Талдықорған сервис және технология колледжінің арнайы пән оқытушысы Балбырова Асия Муратовна иеленді (25 000 теңге).

Сонымен қатар, 10 000 теңге сыйақы (әр қайсысы) тағайындалған «Зерттеуші педагог» - Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Оразалина Алтынгүл Мелісқызы; «Шығармашыл педагог» – Сарқан гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Смагулова Жанар Султанбековна; «Заманауи сабақ» – Тоқжайлау политехникалық колледжі арнайы пән оқытушысы Онғарбаева Сандуғаш Жоламанқызы; «Жаңашыл педагог» – Текелі кәсіптік колледжінің арнайы пән оқытушысы Абдуалиев Жарқын Нұртілеуұлы; «Шығармашылық жолында» – Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің арнайы пән оқытушысы Кулахметова Әсемгүл Сайынқызы номинацияларымен марапатталды.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.