A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Түнгі қаладағы балалар» акциясы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 31.07.2019
Оқылды: 181 Печать страницы
«Түнгі қаладағы балалар» акциясы

Балалар қауіпсіздігінің, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттердің алдын алу қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Жас ұрпақты заң нормаларын білуге, қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» акциясы тұрақты түрде өткізілуде.
Рейдтік шара барысында түнгі мезгілде тұрғын-үй жайынан тыс жүретін жасөспірімдер анықталуда. Балалардың көше кезіп, теріс жолға түсуі немесе бұзақылыққа баруы ата-анаға да байланысты. Мұндай оқиғалар негізінен бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін отбасыларда жиі кездеседі. Сол себепті де осындай бақылау жұмыстары жиі ұйымдастырылуы тиіс. Мұндай шаралар балалардың түнгі уақыттарда құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайларына тап болуына тосқауыл қояды.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түнгі сағат 23:00-ден таңғы 6-ға дейін ата-анасының және оған құқы бар заңды өкілдердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүруіне тыйым салынған.
Ағымдағы жылдың шілде айының 26-нан 1-ші тамыз аралығында «Жұмыспен қамту» акциясы, шілде айының 29-нан тамыз айының 4-ші жұлдызы аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Осыған орай, 2019 жылдың 30 шілдесінде облыстық білім басқармасы мен облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қалалық ювеналды полиция инспекторлары, мектеп ұстаздары және ата-аналар қауымдастығын тарта отырып (75 адам) рейдтік шарасы ұйымдастырылып, өткізілді.
Рейд барысында ойын-сауық орталықтары, көшелер, компьютер клубтары, саябақтар, автокөлік жуу орындары, үйдің жер төрелері, көңіл көтеретін орындар (түнгі клубтар) тексеріліп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында түнгі сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз жүрген 12 балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарына заңға сәйкес ескертулер берілді.
Түнделетіп көше кезіп жүргендердің ата-анасына алдымен ескерту жасалады. Егер құқықбұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда, үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ата-ана ауылдық жерде немесе басқа қалада болса, кәмелетке толмаған баласын қараусыз қалдырмай, сенімхат арқылы белгілі бір уақыт аралығына үлкендерге тапсырып кетуі керек. Бұған кейбір ата-ана мән бермейді.
Бала тәрбиесі - бұл дүниедегі барлық істен жоғары тұратын ең үлкен жауапкершілік.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.