A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 02.10.2019
Оқылды: 35 Печать страницы
«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы

Жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу.
«Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж балаларға мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, ата-аналар комитеттері, қамқоршылық кеңестер қолдау көрсетуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында биылғы жылы «Мектепке жол» акциясы 3 шілдеде басталды.

Осыған байланысты, 2019 жылғы 5 шілдеде облыс әкімінің «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы №78-ө-қ өкімі шығарылды, акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы мен жұмыс жоспары бекітілді. Облыс, аудан, қалаларда «Жүректен жүрекке» ұранымен акцияның басталуына арналған брифингтер өткізіліп, көмекке мұқтаж балалардың тізімі жинақталды.

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен 30 қыркүйегі аралығында облыста 32 200 балаға 351 млн 275 мың теңге көлемінде көмек, оның ішінде 7139 балаға бюджет есебінен 115 млн 292 мың, 25 061 балаға 235 млн 983 мың теңге демеушілер тарапынан көрсетілді.

Барлық мектептерде акцияның өткізілуі бойынша билборд, банерлер ілініп, бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне хабарландырулар берілді.

Сонымен қатар, әлеуметтік себептермен мектепке бармау қаупі бар балаларды анықтау бойынша көмекке мұқтаж балалардың дерекқорын қалыптастыру үшін мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатындаүйлерді(пәтерлерді) аралап тексеру жүргізу жұмыстары жүргізілді.

Облыстық білім басқармасы республикалық акцияны өткізуде балаларға қол үшін беріп, көмек көрсеткен өңір азаматтарына, департамент, басқарма басшыларына, кәсіпкерлерге, меценаттарға, ата-аналар комитеттеріне, қамқоршылық кеңестерге риясыз алғыс білдіреді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.