A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

17.07.2019
09.04.2019
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Облыстық «Алау-2019» әскери-спорттық ойыны

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 07.10.2019
Оқылды: 27 Печать страницы
Облыстық «Алау-2019» әскери-спорттық ойыны

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына және жастар жылына орай 13-14 жас оқушылар арасында 2019 жылдың 1-2 қазан күндері, Талдықорған қаласы агро-техникалық колледжі базасында облыстық «Алау-2019» әскери-спорттық ойыны өткізілді.

Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, дамыту бойынша жұмыстардың мазмұнын жетілдіру, мектеп оқушыларын Отансүйгіштік, қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу мақсатында өткізілген облыстық «Алау-2019» әскери-спорттық ойынына 14 аудан, 1 қала және 2 облыстық мекеме командалары 7 кезең бойынша өзара бақталасты.

Облыстық «Алау-2019» әскери-спорттық ойынының нәтижесі бойынша аудан, қалалардың командалары алғыс хаттармен, номинациялар бойынша мадақтама грамоталарымен және ІІІ дәрежелі дипломмен Кеген, Көксу, Кербұлақ аудандары, ІІ дәрежелі дипломмен Іле, Еңбекшіқазақ аудандары және І дәрежелі дипломды Алакөл ауданы иеленіп медаль, кубоктар мен марапатталды.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.