A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Хабарландырулар

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 10.10.2017
Оқылды: 89 Печать страницы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығына сәйкес Алматы облысының білім басқармасы Талдықорған қаласындағы «Айналайын» және Алматы облыстық №1 балалар үйлері мен Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының Қамқоршылық кеңестер құрамы қайта құрылатынын және кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылатындығын хабарлайды.

Қамқоршылық кеңестің құрамына жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса) енгізіледі.

Осыған орай, 2017 жылдың 20 қазанына дейін Алматы облыстық білім басқармасының сайтына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерінің құрамына енгізу үшін үміткерлердің жазбаша ұсыныстарын жолдауды сұраймыз.

 

Алматы облысының білім басқармасы

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.