A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Хабарландырулар

«Шанс» әлеуметтік, психологиялық, құқықтық қолдау көрсету орталығымен атқарылған жұмыс нәтижелері туралы АҚПАРАТ

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 30.01.2019
Оқылды: 32 Печать страницы

Облыс аумағында заңға қарсы жүретін соңдай-ақ, өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына әлеуметтік-психологиялық, құқықтық, тұрмыстық, еңбек және педагогикалық қолдау көрсету мақсатта «Право» қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарың қорғау комитетінің қолдауымен 2018 жылдың 25 қыркүйегінде Алматы облыстық «Шанс» орталығы ашылып өз жұмысың атқаруда. Орталықтың мекен-жайы Талдықорған қаласы, Ломоносов көшесі, 40 үй.

Орталық психолог, юрист, әлеуметтік-педагог, медбике мамандарымен қамтылған және келесі қызметтер ұсынуда:

- дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккен балаларға;

- заңға қарсы жүретін кәмелетке толмағандарға;

- әр түрлі қылмыс құрбандары немесе куәгерлері болған балаларға;

- сотталған немесе жазасын өтеп жатқан ата-аналардың балаларына

Сондай-ақ, ғимараттың екінші қабатында террористік белсенділік аймақтардан қайтып келген отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарған арнайы 5 орынға арналған қонақ үйі қарастырылған.

Орталық мамандарымен облыс аумағында заңға қарсы жүретін соңдай-ақ, өмірдің киын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына әлеуметтік-психологиялық, құқықтық, тұрмыстық, еңбек және педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Шанс» орталығы Алматы облысы полиция департаментінің жергілікті полиция және білім беру басқармаларымен өзара ынтымақтастық жасау шеңберінде меморандумға қол қойылды.

Талдықорған қала тұрғындары мен білім беру органдарының оқушыларын Орталық жұмысымен таныстыру мақсатында 700-ден астам дана буклеттер, парақшалар әзірленіп таратылды.

Сондай-ақ, «ВК», «instagram» «Tinfo» «youtube» «facebook» әлеуметтік жиеліде ақпараттар жарияланды.

Республикалық «Қазақстан», Облыстық «Жетісу» телеарналарында және «Жетісу», «Талдықорған таңы», «Огни Алатау», «Вечерний Талдыкорган» баспаларда.

Азаматтармен өзара қатынасты нығайту және байланыс құралдарының мүмкіндіктерін толық пайдалану мақсатында «Сенім» телефоны орнатылды (8-7282-32-40-24).

Алматы облыстық және Талдықорған қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия төрағалары, хатшылары, полиция департаменті және Талдықорған қалалық жергілікті полиция қызметтерінің бастықтары, білім беру органдарының басшылары, полиция департаментінің ювеналды полиция бөлімі, қалалық ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен жұмыс кездесулер өткізілді.

2018 жылдың 28 қарашасында «Право» қоғамдық қорының бастамасымен Талдықорған қаласының колледждерімен орта мектептерінің тәрбие жөніңдегі директорларының орынбасарлары мен психолог және әлеуметтік педагог мамандарына «Заң бұзған қиын өмір жағдайындағы отбасылар мен балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау технологиясы. Балалар мен жастар арасында діниэкстремизмнің тарауына қарсы іс-қимыл» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке 97 маман қатысты.

Семинар-тренинг мақсаты: «қиын өмір жағдайындағы және әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылар мен балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдаудың теориялық және технологиялық аспектілерін игеру».

Семинар-тренингке шетел және жергілікті белгілі сарапшы мамандар қатысты. РФ, Красноярск қаласы В.П. Астафьев атындағы педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика және білім беруді басқару кафедрасының доценті Н.Ф. Яковлева және Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ дінитану кафедрасының аға оқытушысы Т.Т. Айтмұханбетов.

Орталық мамандарымен кәмелетке толмағандардың арасындағы криминогендік ахуалына талдау жүргізілуде. Ашылған уақыттан бері жалпы 42 әлеуметтік қызмет ұсынылды, оның 21-і әлеуметтік-құқықтық, 21-і әлеуметтік-психологиялық, олардың ішінде 11 әйел, 9 ұл бала, 1 қыз бала. Кәмелетке толмағандардың жастық көрсеткіштеріне тоқтайтын болсақ 3-6 жас аралығында-1, 9-12 жас аралығында-3, 12-15 жас аралығында-4, 15-18 жас аралығында-3.

Талдықорған қаласы бойынша ювеналды полиция бөлімшесінде заңға қарсы жүретін санатты бойынша есебінде тұрған 18 кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және медициналық қызмет көрсетілді.

Көрсетілген қызметтердің негізгі мақсаты психологиялық диагностика мен тренингтер, әлеуметтік-тұрмыс жағдайларын анықтау мақсатында сауалнамалар сондай-ақ, құқықтық біліктіліктерін арттыруда дәрістер ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

Атап айтқанда әлеуметтік педагог маманы тарапынан өткізілген сауалнама нәтижесінде 18 кәмелетке толмағандардың 10-на әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына, 4-не әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық- екі-екіден, құқықтық және еңбекпен қамту-бір-бірден көмек көрсету қажеттілігі анықталды. Қажеттілік бойынша бағытталған жұмыс нәтижесінде 4 кәмелетке толмағандарға психологиялық және педагогикалық көмек көрсетілді және бір ата-ана орталыққа жұмысқа алынды.

Орталықтың психолог маманымен заңға қарсы жүретін 18 кәмелетке толмағандармен диагностика мен тернингтер өткізу барысында 8-де агрессия, болшағына қорқыныш, ал түйықтылық, өз-өзіне сенімсіздік және шектелгендік 4-тен, көше балалары 4-еуі екендігі анықталды. Осыған орайы әрбір кәмелетке толмағанға психологиялық ерешелігіне байланысты жеке жоспар әзірленіп, коррекциялық жұмыстары жүргізілуде.

Талдықорған қаласының 8 орта мектептерінің 8-9 сыныбының 648 оқушыларының қатысумен 48 психологиялық тренинг, сауалнамалар өткізілді

Юрист маманымен қылмыстық-құқық бұзушылық деректерімен істі болып жатқан кәмелетке толмағанға, ата-аналарына айып тағылған қылмыстық бап бойынша түсіндіру жұмыстары жасалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру ісі сот отырысында қаралған кезде заңда көрсетілген жазалары жеткізілді.

Сонымен қатар, аталған қылмыстық ісі сот отырысында қаралуы кезінде юрист маманы қатысуы шешілді. Сот отырысында юрист маманы айыпты болған кәмелетке толмағанның үстінен бақылау картасы әзірленеді.

Ал әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша жауапты болған кәмелетке толмағанның ісін қорау кезінде юрист маманы сот отырысында өкілет ретінде қатысуда.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарғаҚазақстан Республикасының қылмыстық, әкімшілік, қылмыстық-процессуалдық заңнамалардың қолдануы әдістері, қылмыстық жауапкершілікке тартылу ерекшеліктері, кандай жазаға тартылатыны туралы және әр баптың санкциясы мен қолданатың жаза әдістері бойынша қылмыстық істі қарау кезінде мемлекеттік органдарының шешімдерімен сотүкімдеріне келіспеген жағдайда өтініш беру, істі болған кәмелетке толмағандарға медиация институты қолдауны ережелері туралы Орталық қызметкерлерімен 19 кеңестік қызмет ұсынылды

Ата-аналар арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында 4 ата-аналар жиналысы өткізілді, 209 ата-аналар қатысты. Білім беру ұйымдарының оқушылары мен ата-аналар арасында құқықтық біліктіліктерін арттыру мақсатында 221 оқушылардың қатысумен 9 оқулық тренинг және 163 ата-аналардың қатысумен 5 семинар кеңес өткізілді. Оқулық тренингпен 9 білім беру ұйымдары қамтылды, оның 7-еуі мектептер болса, жоғарғы оқу орны және колледж-бір бірден.

Заңға қарсы жүретін кәмелетке толмағандарға Орталық талаптары бойынша психолог, юрист, әлеуметтік педагог және медбике қызметтерімен қамтылу үшін орталыққа келу кестесі әзірленіп бекітілді.

Талдықорған қаласының Полиция басқармасымен тығыз ара қатынас байланыста болуы өз әсерін тигізуде жәбірленуші немесе кудікті ретінде істі болып жатқан кәмелетке толмағандарға сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын жүргізу барысында Орталықтың психолог және юрист мамандарының қатысуы мүмкіндігі ашылды.

Атап айтқанда 2018 жылдың желтоқсан айларында ҚР қылмыстық процессуалдық кодексінің 215 бабының талаптарына сәйкес ҚР қылмыстық кодексінің 120 бап 4 тармағы бойынша жәбірленуші ретінде танылған кәмелетке толмағаннан жауап алу кезінде психолог және юрист маманы қатысты.

Медбике тарапынан Орталыққа келген кәмелетке толмағандар, қышымақотыр, педикулез, туберкулез тағыда басқа ауруларын анықтау мақсатта медициналық қараудан өтеді.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.