A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

09.04.2019
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Хабарландырулар

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны

Санат: Хабарландырулар
Уақыты: 27.05.2019
Оқылды: 100 Печать страницы
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны

2019 жылғы 1-12 маусым аралығында бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару мақсатында «Еңбек етуден бос балалық шақ» ұранымен «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өтеді.

Ақпараттық науқан міндеттері: Еліміздің барлық өңірінде бала еңбегі проблемаларын БАҚ-та жариялау үшін журналисттерді тарту; бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамның, үлкендер мен балаларды қосқанда ақпараттылығын арттыру.

Ақпараттық науқанның мақсатты тобы: ата-аналар (заңды өкілдер), балалар, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары

Науқанға Полиция департаменті, білім, ішкі саясат, мәдениет, еңбек және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады.

Күтілетін нәтижелер: қоғамның балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ бала еңбегінің ең нашар түрлеріне тап болған жағдайда балаларға көмек көрсету түрлері туралы ақпараттылық деңгейін арттыру; балалардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметке ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды қатыстыруды жандандыру.

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.