A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» Президенттік шырша мерекесі

Алматы облысында «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» атты тақырыппен Президенттік шырша мерекесі өтті. Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайында ұйымдастырылған жаңа жылдық мерекеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалар аз қамтылған отбасыларынан шыққан, балалар үйінде тәрбиеленген оқушылар, оқу үздіктері – жалпы саны 200 бала қатысты. Президенттік шыршаның кішкентай қонақтарын танымал ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлері, аниматорлары, бишілер, әншілер мен цирк әртістері қарсы алды. Экран арқылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев балаларға бейнеқұттықтауын жолдады. Мұнан соң жетісулық жас өркенді облыс әкімі Амандық Баталов құттықтап, ізгі тілегін білдірді. - Қымбатты балалар! Сендер жаңа ғана ел Президентінің өздеріңізге арнаған жүрекжарды лебізін тыңдадыңыздар. Елбасы өз тілегінде сендердің тәуелсіз, бейбіт елде өмір сүріп жатқан бақытты балалар екендеріңді атап өтті. Осы құндылықты сақта...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.12.2018

«Табысты мектеп жолында: жаңа стратегиялар мен сапалы білімге қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктері»

Алматы облысының білім басқармасы 2018 жылдың 20 желтоқсанында заманауи педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде жалпы білім беру ұйымдары басшыларына кәсіби қолдау көрсету мақсатында «Табысты мектеп жолында: жаңа стратегиялар мен сапалы білімге қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында директорлар Форумын өткізді. Форумның пленарлық жиынын өзінің алғы сөзімен Алматы облысы білім басқармасы басшысы Дәурен Хабдолданұлы Жүнісов ашты. Пленарлық мәжілісте Алматы менеджмент Университетінің Бірінші проректоры Алмагуль Медихатовна Канагатова, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Серік Мұқтарұлы Кенесбаев, Қазақстан Республикасындағы «Синергия» Университетінің Президенті Касымбергебаев Бауржан Тилеубергенович, «Astana Garden School» заманауи мектебінің құраушысы, CAGS басқару компаниясының директоры Нурмухаммед Досыбаев, Республикалық физика-мат...
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.12.2018

#мен сыйлық алмаймын хэштегімен "challenge" жалғасуда

Білім басқармасының мемлекеттік қызметшілері мерекелер қарсаңында #мен сыйлық алмаймын хэштегімен "challenge"-ді жалғастыруда
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.12.2018

Облыстық «Педагогикалық тандем» атты әдістемелік жәрмеңке

Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14 желтоқсанында Талдықорған қаласындағы №4 мектеп базасында мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау мақсатында облыстық «Педагогикалық тандем» атты әдістемелік жәрмеңке өтті. Аталған іс-шараға облыстан жалпы орта білім беру ұйымдарының жас мамандары өз тәлімгерлерімен қатысып, ықшам сабақ, шебер-класс, шағын тренинг және ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымы бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды. Әдістемелік жәрмеңке ұжымдық бағалау арқылы қорытындыланып, жеңімпаздар арнайы номинациялармен марапатталды. Жалпы 50 педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.12.2018

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Тәуелсіз елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын! Баршаңызға аманшылық, елімізге тыныштық тілейміз. Ынтымақ пен татулық, бірлік пен бауырмалдық бізбен бірге болсын!
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.12.2018

«Бастауыш сыныпта белсенді әдіс-тәсілдердің оқу тәрбие үрдісінде қолданылуы» тақырыбында аймақтық семинар

Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 12 желтоқсанында Ақсу ауданы, Ж.Сыдықов атындағы орта мектебі базасында «Бастауыш сыныпта белсенді әдіс-тәсілдердің оқу тәрбие үрдісінде қолданылуы» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Мақсаты - білім беру мазмұнын жаңартудағы жаңашыл идеяларды тәжірибеге енгізу жолдарымен бөлісу, мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету. Жалпы орта білім беру мекемелерінің бастауыш сынып пән мұғалімдерінің қатысуымен дискуссиялық алаң, ашық сабақтар жүргізілді. Аталған шараға 40 мұғалім қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.12.2018

Пәндік құзіреттілікті арттыруда оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың маңыздылығы

2018 жылдың 12 желтоқсанында облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Талғар ауданы №32 орта мектеп базасында оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың тиімді тәсілдерін қолдану бойынша география пәні мұғалімдеріне «Пәндік құзіреттілікті арттыруда оқу үшін бағалау мен оқуды бағалаудың маңыздылығы» тақырыбында әдістемелік көмек көрсету жүргізілді. Аталған іс-шараға 30 педагог қамтылды.
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.12.2018

«Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмі»

2018 жылдың 11 желтоқсанында облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Балқаш ауданы Бақанас орта мектеп базасында педагогтарға жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру және бағалау спецификациясы бойынша география пәні мұғалімдеріне «Жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру алгоритмі» әдістемелік көмек көрсету жүргізілді. Аталған іс-шараға 30 педагог қамтылды.
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.12.2018

«Білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы орта білім беретін мектеп-интернаттарда пәндерді оқыту ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік десант

Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 10 желтоқсанында Алматы қаласы И.Нүсіпбаев орта мектеп-интернаты базасында «Білім мазмұнын жаңарту аясында жалпы орта білім беретін мектеп-интернаттарда пәндерді оқыту ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік десант өтті. Пәндерді оқыту ерекшеліктерін айқындау, бағдарламаны іске асыруда тиімді жолдары ұсыну аясында әдістемелік көмек көрсетілді. Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері дөңгелек үстел барысында критериалды бағалау және өзге де мәселелер талқыланып, мұғалімдерге әдістемелік сүйемелдеу жүргізілді. Аталған шараға №15 және И.Нүсіпбаев атындағы мектеп интернаттарынан 56 педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.12.2018

5-7 сыныптарда «Өлкетану» интеграциялық курсын оқытудағы ерекшеліктер» тақырыбындағы семинар

Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылы 10 желтоқсанда Ақсу ауданы, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясының базасында тарих, қазақ әдебиеті, география және музыка пәні мұғалімдеріне арналған «Өлкетану» интеграциялық курсын оқытудағы ерекшеліктер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған шарада 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану. Алматы облысы» оқулығының авторлары оқулықтың ерекшеліктерін атап, таныстырылым жасады. Сонымен қатар педагогтарға күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда «Өлкетану» курсын кіріктіру бойынша әдістемелік көмек беріліп, ашық сабақтар жүргізілді.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.12.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.