A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Арнайы білім беретін мектеп-интернаттардағы ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудегі қиындықтарды реттеу» оқыту семинары (арнайы мектеп-интернат мұғалімдері арасында)

Оқыту үрдісінде ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудегі тиімді жолдарын ұсыну мақсатында 2018 жылдың 2 қарашасында Талдықорған қаласы Д.Рақышев атындағы мектеп-интернат базасында аймақтық оқыту семинары өтті. Семинарға Сарқан және Талдықорған қаласындағы арнаулы мектеп-интернаттардан 45 педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.11.2018

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік тәрбиешісі» республикалық байқауы

«Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы 2018 жылдың 24 қазанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі ұйымдарының үздік тәрбиешілерін қолдау және ынталандыру мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік тәрбиешісі» байқауы өтті. Аталған байқауда Алматы облысы Қаратал ауданы «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Айтказина Сымбат Талғатқызы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік тәрбиешісі» Республикалық байқауынан жүлделі бірінші орын иегері атанды. Шын жүректен құттықтаймыз.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.11.2018

«Нәтижеге бағытталған білім беру үлгісіндегі физика-математика пәнін оқытудың білім сапасын жетілдіру» тақырыбында ашық есік күні

Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ауыл мектептерін қала мектептеріне жақындастыру бағытында жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 2 қарашасында Талдықорған қаласындағы үш тілде оқытатын №20 дарынды балаларға арналған арнаулы лицей базасында физика, математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Нәтижеге бағытталған білім беру үлгісіндегі физика-математика пәнін оқытудың білім сапасын жетілдіру» тақырыбында ашық есік күні өтті. Ашық есік күнге 47 педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.11.2018

«Жаратылыстану - математика бағытындағы пәндерді оқытуда білім сапасын көтерудің тиімді әдістері» тақырыбында ашық есік

Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ауыл мектептерін қала мектептеріне жақындастыру бағытында жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 1 қарашасында Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын экономика бизнес лицей базасында химия, биология, информатика пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жаратылыстану - математика бағытындағы пәндерді оқытуда білім сапасын көтерудің тиімді әдістері» тақырыбында ашық есік күні өтті. Ашық есік күнге 42 педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.11.2018

Алматы облысының жас педагогтар слеті

Педагогтардың мәртебесін арттыру, жас мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және олардың педагогикалық қарым-қатынас кеңістігін кеңейту мақсатында 2018 жылғы 2 қарашасында Алматы облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы №28 IT-лицей-мектебінде жас педагогтар слеті өтті. Таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған шараға өңіріміздің барлық аудандары мен облыс орталығынан 200-ден астам жас педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.11.2018

НМЗ тәжірибесін трансляциялау

2018 жылдың 31 қазанында Алматы облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен қызметтестік жұмыс жоспары негізінде «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында Назарбаев Зияткерлік мектебі тірек мектептерінің педагог-ұйымдастырушылары мен сынып жетекшілеріне арналған оқыту-семинары өтті. Барлығы 100 педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.11.2018

НМЗ тәжірибесін трансляциялау

2018 жылдың 31 қазанда Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен қызметтестік жұмыс жоспары негізінде жаңартылған бағдарлама бойынша Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №10 ОМГ пилоттық мектеп базасында «Сабақты зерттеуді (Lesson study) тиімді жоспарлау және жүргізу», «Педагогтар мен оқушылардың рефлексивтік дағдыларын дамыту» тақырыптарында НЗМ тірек мектептері директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасарлары мен мектеп тренерлеріне арналған оқыту семинары өтті.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.11.2018

«Ең үздік жыл психологы» байқауы

Шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтарды анықтау, қолдау көрсету мақсатында 2018 жылғы 30 қазанда облыстық «Ең үздік жыл психологы» байқауы Алматыоблыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтті. Байқау Ережеге сәйкес өтті. Қазылар алқасының шешімімен төмендегі аталған педагог-психологтар облыстық байқаудың жеңімпаздары болып танылды: Бас жүлде - Э.Кудьярова Ескелді ауданы, Шестаков атындағы орта мектебінің педагог-психологы І орын - Е.Ахметов Панфилов ауданы Дарбазақұм негізгі мектебінің педагог-психологы ІІ орын - С.Кенжеханова Талдықорған қаласы Еңбек ауылындағы МДШО бар №22 орта мектебінің педагог-психологы мен Ж.Шопанова Алакөл ауданы №1 орта мектебінің педагог-психологы ІІІ орын - Б.Бұрымтаева облыстық №8 Ю.Гагарин атындағы ДБАГ педагог-психологы, О. Яковлева Қапшағай қаласы №5 орта мектеп МДШО педагог-психологы және А.Бекен Еңбекшіқазақ ауданы Т.Қабылов атындағы орта мектебінің п...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.11.2018

«Футбол сабағы» бойынша әдістемелік көмегі мен іс-тәжірибелік сабақтар өткізілуде

2018-2019 оқу жылында Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әсқери дайыңдығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалалары мен Талғар, Қаратал аудандарының жалпы білім беретін мекемелеріндегі дене шынықтыру сабағының әр үшінші сағаты «Футбол сабағы» бойынша әдістемелік көмегі мен іс-тәжірибелік сабақтар өткізілуде.
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.10.2018

«Жаңартылған бағдарлама аясында математикалық сауаттылықты арттыру жолдары» атты облыстық семинар

Облыстық білім беруді дамытудың оқу –әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 31 қазанында Талдықорған қаласы, №15 орта мектеп базасында бастауыш сыныптарда стандарттан тыс есептерді шешу жолдарын қарастыруда «Жаңартылған бағдарлама аясында математикалық сауаттылықты арттыру жолдары» атты облыстық семинар өтті. Аталған шараға 80 педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.10.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.