A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Антикоррупционная политика

Антикоррупционная политика

Жаңалықтар

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен

Қымбатты ханымдар! 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Бақыт пен жақсылық, байлық пен сәттілік, көктемгі көңіл-күй мен шат күлкі тілейміз! Бар тіліктеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!
Толығырақ... Оқылды: 594 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.03.2015

Семинар – кеңес туралы

2015 жылдың 25 ақпан күні Есік көмекші мектеп-интернаты негізінде көмекші мектеп-интернат педагогтарына арналған «Көмекші мектеп-интернатында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту жолдары» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар-практикумға облыстағы 7 көмекші-мектеп интернаттардың педагогтары қатысты. Семинар-практикумның мақсаты: Сабақтар мен тәрбие сағаттар, сыныптан тыс іс-шаралар арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық әрекетін белсендіру жолдарын анықтау. Семинар-практикум екі бөлімнен тұрды: 1. ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары; 2. пленарлық отырыс.
Толығырақ... Оқылды: 568 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.03.2015

«Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы

Жас ұрпақты жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу және ауыз әдебиетінің қайнар көзі – айтыс өнерінің дамуына ұйытқы болу, суырып салма жас ақындардың бойларындағы табиғи дарынын дамыту мақсатында 25-26 ақпан күндері Жамбыл ауданы , Ұзынағаш ауылында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты жас ақындар айтысы болып өтті. Республикалық айтыстың жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен, ынталандыру грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Республикалық айтыста 7 жүлделі орын: Бір – бас жүлде (120000 теңге), бір - I орын (80000 теңге), екі – II орын (55000 теңгеден),үш – ІII орын (35000 теңгеден) белгіленді. Сонымен қатар арнайы Ү.Кәрібаев, Е.Жақыпов, Е.Кәндеков, Кенен Әзірбаев атындағы жүлделер тағайындалды. Жыр сайысында 28 (14 жұп) жас ақындар өз өнерлерін ортаға салды. III орындарды – Мақсатбек Бауыржан ( Алматы облысы, Тал...
Толығырақ... Оқылды: 842 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.03.2015

Ұлтттық деректер қорын өңдеу жұмыстары

2015 жылы 2-16 наурыз аралығында Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰББДҚ) ашылады. Барлық білім беру ұйымдары деректерді өңдеу жұмыстарын жүргізулері қажет. Толығырақ
Толығырақ... Оқылды: 629 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.02.2015

Республикалық интерактивті сабақтар туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті жалпы білім беретін пәндер бойынша2015 жылыөтетін республикалық интерактивті сабақтардың кестесін жолдайды. Толығырақ Сабақ кестесі
Толығырақ... Оқылды: 729 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.02.2015

Аймақтық семинар: «Менторинг – мұғалімдердің кәсіби дамуының тиімді тәсілі»

2015 жылы 19 ақпан күні Талғар ауданы С.Сейфуллин атындағы №2 орта мектеп - гимназиясы базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Менторинг – мұғалімдердің кәсіби дамуының тиімді тәсілі» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинар барысында жас мамандар оқушылармен ашық сабақтар жүргізсе, тәлімгерлер пән мұғалімдеріне жас маман мен тәлімгер арасындағы жұмысты коучинг, шебер-сынып, іскерлік ойындар түрінде көрсете білді.
Толығырақ... Оқылды: 616 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.02.2015

«Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамытуда оқыту технологияларының ерекшелігі» тақырыбында өткен

2015 жылы 18 ақпан күні Сарқан ауданындағы №1 орта мектеп-гимназиясы базасында информатика пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамытуда оқыту технологияларыныңерекшелігі» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинарда информатика пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар, шебер-сыныптар, коучингтер өткізіп, өзара тәжірибе алмасты.
Толығырақ... Оқылды: 599 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.02.2015

«Жыр алыбы- Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысы

Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 2015 жылдың 25-26 ақпан күндері Алматы облысы, Жамбыл ауданы,Ұзынағаш ауылында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Жыр алыбы- Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өткізіледі. «Жыр алыбы- Жамбыл» атты республикалық айтысқа білім мекемелерінен суырып салма ақындық дарыны бар бала (әр өңірден 1бала) шақырылады. Айтысқа қатысушылардың Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылына келу күні - 2015 жылғы 24 ақпан ( Мекен - жайыСүйінбай көшесі, 27. Рысқұлов атындағы орта мектеп жанындағы мектеп интернатқа орналасады), қайту күні - 26 ақпан. Айтысқа қатысу туралы сұранысты 2015 жылдың 20 ақпанына дейін Алматы облыстық білім басқармасына (turganbaeva.roza@mail.ru) жіберулеріңізді сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша 8 (7282) 273845 телефоны арқылы хабарласуға болады. Бұйрық Байқау Ережесі
Толығырақ... Оқылды: 682 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.02.2015

Экстремизм мен терроризмге қарсы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы білім беру ұйымдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және болдырмау мақсатындағы бейнероликтерді жұмыс барысында пайдалану үшін ұсынады. 3-х минутные ролики в архиве (711 МБ) 43 секундный ролик (85 МБ) 30 секундный ролик (58 МБ) 57 секундный ролик (108 МБ) 34 секундный ролик (70 МБ)
Толығырақ... Оқылды: 761 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.02.2015

Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымды бағыттарын насихаттау мақсатында шаралар атқарылуда. Жоба 2014 жылғы 10 желтоқсанда өткен облыстық білім басқармасының кеңейтілген жиналысында талқыланды. Үстіміздегі жылдың 5 ақпанында облыстық «Нұр Отан» партиясы, облыстық прокуратура және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен облыстық білім басқармасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан қызметкерлерге 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымды бағыттары түсіндірілді. Облыстық білім басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі мекеме-ішілік іс-шаралар жоспары жыл сайын бекітіледі. 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өтетін алқа мәжілістерінде 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау және...
Толығырақ... Оқылды: 844 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.02.2015
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2017. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.