A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпараттық науқан

2018 жылдың 1-12 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен "Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз" ұранымен "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" Ұлттық ақпараттық науқан өткізілуде. Алматы облысы Қапшағай қаласындағы білім беру ұйымдарында жоғарыда аталған науқан өткізу барысында "Бақытты балалық шақ" асфальтта сурет салу байқауы, «Әкем, шешем және мен - спорттық отбасы» жарысы, «Бала құқығы» атты кітап көрмелері, «Бала еңбегін қанауды қалай түсінемін?» атты диспут өткізілді.
Толығырақ... Оқылды: 90 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.06.2018

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде және Елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай 2018 жылдың 02-05 маусым күндері Текелі қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өткізілді. Слетке 13 команда катысты. «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетінің номинациялар қорытындысы бойынша: «Команданың визит карточкасы» байқауы: І-орын: Текелі қаласы; ІІ-орын: Ескелді ауданы; ІІІ-орын: Талдықорған қаласы; ІІІ-орын: Көксу ауданы. «Туған өлке соқпақтары» номинациясы: І-орын: Текелі қаласы; ІІ-орын: Талдықорған қаласы; ІІІ-орын: Ақсу ауданы. «Экологиялық есеп беру»: І-орын: Талдықорған қаласы; ІІ-орын: Ескелді ауданы; ІІІ-орын: Текелі қала...
Толығырақ... Оқылды: 130 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.06.2018

"Sportfest Kazakhstan" Республикалық спартакиадасы

2018 жылдың 31 мамыр мен 5 маусым аралығында Щучинск қаласында 8-10 сынып оқушылар арасында "Sportfest Kazakhstan" Республикалық спартакиадасы өтті. Жарыс спорттың бес түрінен болды: үстел теннисі, футбол, баскетбол, шахмат, тоғызқұмалақ және әскери-қолданбалы спорт. Үстел теннис спорт түрінен Ескелді ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Дарюбаева Айдана ІІІ орынға ие болды.
Толығырақ... Оқылды: 94 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.06.2018

Халықаралық балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күні – бұл әрқашан ашық, шуақты, шынымен де көңілді балалар мейрамы. Шерудің мақсаты – оқушылар мен студенттердің шерулік, көшеде фестивальдік жүріп өтуін қолдау және дамыту. Шерудің міндеті балалар мен жастардың музыкалық мәдениетінің деңгейін арттыру, өз ұйымы үшін мақтаныш сезімін және оған қатыстылығы сезімін қалыптастыру, республиканың оқу орындарының беделін көтеру және жарнамалау болып табылады. Шеру – бұл біздің елдің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең көлемді республикалық акция. Былтырғы жылға қарағанда былғы жылы Шеруді өткізу географиясы айтарлықтай кеңейді. Аудан, қалалардың орталық алаңдарымен бір мезгілде 30 мыңнан астам оқушылар, студенттер, олардың ата-аналары мен педагогтер салтанатты шерумен жүріп өтті. Шерудің салатантты колонналарын – барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары құрады. Қызықты репертуар, музыкалық аспаптардың түрл...
Толығырақ... Оқылды: 86 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.06.2018

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде және Елорда Астана қаласының 20 жылдығына орай 2018 жылдың 02-05 маусым күндері Текелі қаласында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетін өткізілуі жоспарланып жатыр. Слеттің мақсаты мен міндеті: Балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау; Балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, Отанды зерттеуге тарту; Балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша білім беру жүйесіндегі қамтылуын көтеруге жағдай жасау.
Толығырақ... Оқылды: 111 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.05.2018

Велотректен Республикалық Спартакиада

2018 жылғы 24-27 мамыр күндері аралығында Астана қаласында велотректен қыздар, ұлдар арасында Республикалық мектеп және колледж оқушыларының ІХ жазғы Спартакиадасында Алматы облысының құрама командасы І-орынға ие болды.
Толығырақ... Оқылды: 129 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.05.2018

Жағажай волейболынан Республикалық Спартакиада

2018 жылғы 24-28 мамыр күндері аралығында Ақтау қаласында жағажай волейболынан қыздар, ұлдар арасында Республикалық мектеп және колледж оқушыларының ІХ жазғы Спартакиадасында Алматы облысының құрама командасы ІІ-орынға ие болды.
Толығырақ... Оқылды: 112 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.05.2018

Республикалық «Мектеп лига» «Шұбар доп»

2018 жылғы 20-27 мамыр күндері аралығында Алматы қаласында волейболдан 6-8 сынып оқушылары қыздар арасында өткен республикалық «Мектеп лига» «Шұбар доп» жарысында Алматы облысының құрама командасы І-орынға ие болды.
Толығырақ... Оқылды: 116 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.05.2018

Мектеп бітірушілер кешін өткізу кезіндегі эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар туралы

Облысымызда мектеп бітірушілер кешін өткізу мезгілі жақындауда, демек салтанатты іс-шараларды өткізу кезінде улану жағдайларының болу қатері әбден мүмкін. Мектеп бітірушілер кештерін жүргізу кезінде жаппай жұқпалы сырқаттанулардың пайда болуын және таратылуын ескерту мақсатында Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ата-аналар мен оқушыларды, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру қызметін көрсету саласымен айналысатын субъектілерді санитариялық ережелер талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады. Үзілді-кесілді тыйым салынатын тағам өнімдеріне мыналар жатады: үйде әзірленген тағам өнімдері және тағамдар, кремі бар кондитерлік өнімдер, майонез қосылған түрлі салаттар. Өнімдерді сатып алар кезінде жарамдылық мерзімін және сапасыз белгілеріне мұқият назар аудару керек. Сондай-ақ сергіткіш, энергетикалық сусындарға, квас, сыра және алкогольдің басқа түрлеріне де тыйым салынады. Бүл тізімді толықтыратындар: ет және балық сілікпе құйма тағамдар, сілікпелер, майшабақтан жасалған...
Толығырақ... Оқылды: 129 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.05.2018

Қалалық «Балалар - ел болашағы» атты байқау өтті

22 мамырда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай Алматы облысының Талдықорған қаласындағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы № 18 орта мектеп-лицейі базасында «Балалар – ел болашағы» атты қала мектептері арасында зияткерлік байқауы өтті. Байқау мемлекеттік саясатты қалыптастыру проблемаларына халықтың назарын аудару, Мемлекеттік қызметшінің оң бейнесі мен мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуда балалардың сыни ойлауын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар сайысын өткізудің негізгі міндеттері - қатысушы балалар бойында көшбасшылық қабілеттерін дамыту; мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуда балалардың сыни ойлауын дамыту; мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыру; түрлі мамандықтар ерекшеліктерімен таныстыру; мемлекеттік саясатты қалыптастыру проблемаларына халықтың назарын аудару болып табылады. Байқауға Талдықорған қаласында орналасқан мектептерден барлығы 38 оқушы 34 жобамен қатысып, тамақтану, экология, &...
Толығырақ... Оқылды: 117 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.05.2018
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.