A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Жас мамандардың педагогикалық дебюті

Облыстық әдістемелік кабинеті 2016 жылы 30 қарашасында №17 орта мектеп базасында облыстық «Педагогикалық дебют» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: жас ұстаздардың шеберлігін, іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу, анықтау, қолдау және мадақтау. Байқауға 17 жас маман қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша: Бас жүлде – Ұ.Б.Уалиев, Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің биология пәні мұғалімі; 1орын – Д.С.Смагулова, Алакөл ауданы Үшарал қ. №1 ОМ математика пәні мүғалімі; 2 орын - Асыл Қайырбекұлы Қаймұханов, Ақсу ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы МДШО ОМ информатика-математика пәні мұғалімі, және Е.Ж.Дандыбаев, Қаратал ауданы Ж.Молдағалиев атындағы МДШО ОМ география пәні мұғалімі; 3 орын – Н.Ж.Нусейтова, Текелі қаласы №5 МДШО ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі; С.С.Қабрахым, Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округіндегі МДШО №26 ОМ информатика пәні мұғалімі; 3-орын...
Толығырақ... Оқылды: 628 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.12.2016

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиеге орналастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2016 жылдың 29 қарашасында білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиеге орналастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға облыстық прокуратура, облыстық №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарының басшылары мен заңгерлері, әлеуметтік педагогтар қатысты. Іс шара барасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиеге орналастыру: аталған санаттағы балаларды Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға, қорғаншылық немесе қамқоршылыққа орналастыру, патронаттық тәрбиені дамыту, отбасылық үлгісіндегі балалар үйі мен қабылдаушы отбасыларды ашу бағытында жұмыстар күшейту мәселелері талқыланды.
Толығырақ... Оқылды: 557 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.11.2016

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 балабақша ашылды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» аясында Алматы облысында бір күнде 2385 орынды 25 заманауи балабақша ашылды. Жаңа балабақшалар Іле, Қаратал, Жамбыл, Панфилов, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласында іске қосылды. Ашылған 25 балабақшаның басым бөлігі Алматы қаласының маңында халық тығыз қоныстанған аудандарда салынды. Атап айтсақ, Талғар ауданында (Талғар қаласы, Амангелді, Қызыл Ту, Рысқұлов, Талдыбұлақ, Тұздыбастау, Еркін ауылдары) 800 орынды 9 балабақша, Іле ауданында (Өтеген батыр кенті, Жаңадәуір, Байсерке, Қоянқұс ауылдары) 520 орынды 7 балабақша, Жамбыл ауданында (Үмбетәлі, Ұзынағаш ауылдары) 470 орынды 4 балабақша, сол сияқты Еңбекшіқазақ ауданында (Жаңашар, Түрген ауылдары) 2 балабақша, Талдықорған қаласында және Панфилов (Пенжім ауылы), Қаратал аудандарында (Үштөбе қаласы) бір балабақшадан ашылды. Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы 320 орынды «Балбөбек» балабақшасы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында сал...
Толығырақ... Оқылды: 647 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.11.2016

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні!

Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз!
Толығырақ... Оқылды: 448 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.11.2016

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндер жоспарын іске асыру

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндер жоспарын іске асыру мақсатында Алматы облысының білім беру ұйымдарында 2016 жылдың 28 қарашасында «Ұлттық валюта» атауымен жергілікті қаржыгерлерді тарта отырып, «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу тарихы» атты тақырыпта ашық сабақтар, тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақ барысында оқушыларды теңгенің шығу тарихымен таныстырып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктері бойынша мақтаныш сезімдері қалыптастырылды. Сонымен қатар шығарма және сурет байқаулары өткізіліп, «Теңге Казақстанның экономикалық тәуелсіздігінің символы», «Теңге-мемлекет келбеті», «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы» тақырыптарында кітап көрмелері ұйымдастырлыды.
Толығырақ... Оқылды: 469 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.11.2016

IX Президенттік олимпиаданың қорытынды ақпараты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдан бері ұйымдастыруымен өткізілетін математика, физика, химия және биология пәндері бойынша Президенттік олимпиада дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау үшін өткізілетін іс-шаралардың бірі болып табылады. Президенттік олимпиаданың идеясы – қазақстандық оқушылардың білімін жоғарылату, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, патриоттық тәрбие беру. Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі Қазақстан Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар аясында, Елбасымыздың Қарағанды металлургия комбинатында алғашқы еңбек қызметін бастаған Теміртау қаласында өткізілді. 2016 жылғы 23-26 қараша күндері Теміртау қаласында өткен олимпиаданың қорытынды кезеңіне екінші кезеңде жоғары ұпай жинаған 4 оқушы шақырылды. Нәтижесінде Алматы облысының командасы 3күміс, 1қола медальға ие болды.
Толығырақ... Оқылды: 379 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.11.2016

Облыстық «Алтын диск» байқауы

Облыстық әдістемелік кабинеттің 2016 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында педагогтің кәсіби мәртебесін арттыру мақсатында облыстық «Алтын диск» байқауы өтті. Байқау нәтижесінде Талдықорған қаласы, Қазақ-түрік жасөспірімдер мектеп-интернаты, информатика пәні мұғалімі Ибраев Дарын Бейбитович 1-дәрежелі, Алакөл ауданы, №2 орта мектебі, информатика пәні мұғалімі Нусупова Назгуль Наурызбековна ІІ дәрежелі, Көксу ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебі, информатика пәні мұғалімі Нүсіпжанов Елдос Елбергенұлы ІІ дәрежелі, Текелі қаласы, №8 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жұмағызықызы Жансая ІІІ дәрежелі, Жамбыл ауданы, Мынбаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ибраимова Айнуркен Болатовна ІІІ дәрежелі, Қапшағай қаласы, Д.А.Қонаев атындағы №1 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Досанбаева Салтанат Серикказыевна ІІІ дәрежелі дипломмен м...
Толығырақ... Оқылды: 787 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.11.2016

Ең үздік жыл психологі

Орта білім беру мекемелерінің педагог-психологтері арасында үздік тәжірибені насихаттау, шығармашылықпен жұмыс істейтін және кәсіптік біліктілігін көрсете алатын психологтерді анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында облыстық «Ең үздік жыл психологі» конкурсы өтті. Конкурсқа облыстың орта білім беру ұйымдарынан 19 педагог-психолог қатысты. Конкурста педагог-психологтар 3 тур бойынша сайысқа түсті. Байқау нәтижесінде Ескелді ауданы, Мелькомбинат негізгі орта мектебінің педагог-психологі Касенова София Маратовна І дәрежелі, Балқаш ауданы, Ақдала орта мектебі Бояулы шағын жинақталған бастауыш мектебенің педагог-психологі Ойшиева Аля Калкеновна және Көксу ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебінің педагог-психологі Каршалова Базаркүл Базарбекқызы ІІ дәрежелі, Панфилов ауданы, Үлкеншыған орта мектебінің педагог-психологі Чагатаев Бауыржан Бакытжанович, Талғар қаласы, Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Гагарин атындағы №8 мектеп-гимназиясының педагог-психологі Сандиб...
Толығырақ... Оқылды: 899 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.11.2016

Облыстық «Үздік балабақша тәрбиешісі - 2016» облыстық байқауы

2016 жылдың 03 қарашасында Талдықорған қаласындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп базасында облыстық «Үздік балабақша тәрбиешісі-2016» байқауы бірінші рет өтті. Байқау облыс көлемінде инновациялық бағытта шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзіндік жаңашыл идеясы бар мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешісін анықтау, қолдау көрсету және олардың кәсіби дамуын, жаңашыл тәсілін жинақтап, тарату мақсатында ұйымдастырылып, өткізілді. Байқауға 18 мектепке дейінгі білім беру ұйымының педагогтері қатысты. Байқау қорытындысы бойынша, төменде аты аталған жүлдегерлер: І-орын А.Маткаримова - Текелі қаласы, №2 балабақша тәрбиешісі ІІ-орын Р.Абдримова-Жамбыл ауданы, «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешісі ІІ-орын Е.Золочевская - Іле ауданы, «Әдемі» балабақшасының тәрбиешісі ІІІ-орын Ж.Мазаржанова - Панфилов ауданы, «Арай» балабақшасының тәрбиешісі ІІІ-орын О.Михайлина - Қапшағай қаласы, №4ОМ МДШО тәрбиешісі және номинация...
Толығырақ... Оқылды: 1118 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.11.2016

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа мектепке қол жеткізілді

Бүгін Алматы облысы Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек кентінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынған 900 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл жаңа білім мекемесінің іске қосылуы нәтижесінде бұған дейін Д.Қонаев атындағы және № 49 орта мектептердегі үш ауысымда оқыту мәселесі шешімін тапты. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен мектептің салтанатты ашылуы өтті. Облыс әкімі мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. Қазір мұнда 60 ұстаз қызмет етеді. Бүгінгі күні мектеп 750 оқушымен толықтырылып, 30 сынып жиынтығы бекітілген. Мектеп жаңа модификациялық үлгідегі- лингафонды-мультимедиялық, информатика, химия, физика, биология, алғашқы әскери дайындық, технология және шеберхана кабинеттері жабдықталған. Сонымен қатар 150 орынға арналған асхана және 2 спорт залы, ІІ қабатында 18 оқушыға арналған оқырман залы, 13 компьютермен жабдықталған кітапхана, 296 орындық мәжіліс залы орналасқан.
Толығырақ... Оқылды: 1295 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.11.2016
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.