A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Республикалық семинар «Орта білім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері»

2017 жылдың 29-30 маусым күндері Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында орта білім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау, ортаға салу мақсатында «Орта білім беру жүйесін кадрлық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті. Аталған семинарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің бас сарапшысы Айман Тельманқызы Дүйсембаева, Астана, Алматы қалалық және облыстық білім басқармалары кадр бойынша мамандар мен әдістемелік кабинет басшылары және аудандық, қалалық білім бөлімдері мамандары мен әдіскерлері қатысты. Семинарда жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуда білікті кадрлармен қамтылу мәселелері талқыланып, өзара ой ортаға салынып, тәжірибе бөлісті. Семинар соңында ұсыныстар қабылданды.
Толығырақ... Оқылды: 575 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.06.2017

Облыстық «Үздік ресурстық орталық (тірек мектебі)» байқауы

Облыстық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес ресурстық орталық (тірек мектебінің) қызметін ұйымдастырудағы озық тәжірибені айқындау, жинақтау және тарату мақсатында «Үздік ресурстық орталық (тірек мектебі)» облыстық байқауы өткізіліп, оған 7 ресурстық орталық қатысты. Нәтижесінде төмендегі ресурстық орталықтар (тірек мектептері) облыстық байқау жүлдегерлері деп танылды: І орын - Жамбыл ауданы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі - ресурстық орталығы; Қаратал ауданы Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебі - ресурстық орталығы; ІІ орын - Ақсу ауданы Е.Сиқымов атындағы орта мектебі - ресурстық орталығы; Балқаш ауданы Ақкөл орта мектебі - ресурстық орталығы; ІІІ орын - Талдықорған қаласы №21 орта мектебі - ресурстық орталығы; Қапшағай қаласы №7 орта мектебі - ресурстық орталығы. І орын иеленген Жамбыл ауданы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі - ресурстық орталығы және Қаратал ауданы, Р.Қошқарбаев атындағы орта мектебі - ресурстық орталығы қазан айында өтетін рес...
Толығырақ... Оқылды: 744 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.06.2017

«Алтын белгі» иегерлеріне арналған салтанатты кеш

Бүгін облыс әкімі А.Ғ.Баталов жыл сайынғы дәстүр бойынша Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында облыстың жалпы орта білім беретін мектептерінің «Алтын белгі» белгісінің иегерлерін құттықтап, олардың әрқайсысына төс белгіні өз қолымен табыстады. «Алтын белгі» иегерлерін құттықтаған Амандық Баталов бүгінгі түлектердің әлемге Тәуелсіз Қазақстан деп танылған мемлекетте туып-өсу, ел дамуымен бірге білім алу бақыты бұйырған ұрпақ екендіктерін, сонымен қатар, жаңалыққа жаны құмар, әлем өркениетіне жақын, озық ойлы жастар ретінде үлкен міндеттер жүктелетінін атап өтті. - Бүгінгі күні өскелең ұрпақтың терең білім мен тәлімді тәрбие алуына өңірімізде қолайлы жағдайлар жасалған. Білім – таусылмас қазына, баға жетпес байлық. Ардақты ұстаздардан алған сапалы білімдеріңіз бен саналы тәрбиелеріңіздің арқасында, ел сенімін ақтап, қасиетті Отанымыздың нағыз патриоттары болатындарыңызға сенемін. Алдағы алар асуларыңыз биік, мұраттарыңыз асыл болсын! С...
Толығырақ... Оқылды: 736 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.06.2017

Облыстық «Ең үздік арнайы пән оқытушысы – 2017» байқауы

Алматы облысының білім басқармасы облыстық әдістемелік кабинетімен бірлесіп «Ең үздік арнайы пән оқытушысы - 2017» байқауын өткізді. Байқауға Жаркент гуманитарлық-техникалық, Үшқоңыр су шаруашылығы, Талдықорған агро-техникалық, Кәсіптік оқудағы көпсалалы, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар, Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік, Бақанас аграрлы-индустриалдық, С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық, Қапал кәсіптік-техникалық, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар, Сарқан политехникалық, Қапшағай көпсалалы, Қаскелең Гуманитарлы - техникалық, Есік медициналық, Талғар политехникалық колледждерінің (жалпы саны-15) арнайы пән оқытушылары қатысты. Байқаудың мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары педагогикалық қызметкерлерінің шығармашылық қабілетін дамыту мен оқытудың инновациялық технологияларын айқындау, білікті, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды анықтау, озық...
Толығырақ... Оқылды: 577 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.06.2017

Облыстық панелді сессия

1 маусым күні Талдықорған қаласы инновация бағытында жұмыс жасайтын №8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарға инновациялық технологияны енгізу тәжірибесі» тақырыбында облыстық панелді сессия өтті. «Инновациялық қозғалыс» жобасы аясында құрылған инновациялық әдістемелік орталықтардың мектепке дейінгі білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу және қолданудағы іс-тәжірбиелерін тарату мақсатында өткен шараға мектепке дейінгі ұйымдардың 82 педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 438 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.06.2017

Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар

Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуде өзара тәжірибе алмасуына және озық тәжірибелерін таратуына ықпал ету, шығармашыл педагогтарды анықтау мақсатында облыстық «Ең үздік әзірленген флипчарт-сабақтар» байқауы өтті. Байқауға 15 ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша: І - орынды Алакөл ауданы, А.Омарханова; ІІ - орынды Текелі қаласы Д.Даренская; Қаратал ауданы А. Жақсылықбаева; Талдықорған қаласы, Г.Туганбаева; ІІІ - орынды Еңбекшіқазақ ауданы Ш.Орынбай; Сарқан ауданы Т.Мантекова алса, ал, «Креативті педагог» номинациясын А. Ратбаева (Іле ауданы), «Ізденімпаз педагог» номинациясын Ескелді ауданы, Ж. Зархомова (Ескелді ауданы) және «Шығармашыл педагог» номинациясын О.Михайлина (Қапшағай қаласы) иеленді.
Толығырақ... Оқылды: 614 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.06.2017

1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Талдықорған қаласында балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері және ансамбльдерінің шеруі өтті. Шеруге 2000 оқушы және студенттер, 500-ден астам педагогтар мен ата-аналар қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 607 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.06.2017

«Жаңашыл мұғалім – 2017» республикалық байқауы

«Bilim Media Group» компаниясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп 2017 жылдың 10 қаңтары мен 1 мамыры аралығында «Жаңашыл мұғалім-2017» республикалық байқауын өткізді. Байқау осы жылы екі кезеңде төрт аталым бойынша жүргізілді: • Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; • Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ҰБТ-ға дайындауда қолдану; • Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Алматы облысы бойынша байқауға екі мұғалім қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы бойынша Іле ауданы №16 орта мектебініңбастауыш сынып мұғалімі Қашқынбаева Роза Орынбайқызы жеңімпаз атанып, дипломмен және 250 000 теңге ақшалай сертификатпен марапатталды. Ал, «Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы...
Толығырақ... Оқылды: 719 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.05.2017

«Инновациялық қозғалыс» жобасын іске асыруда

Мектепке дейінгі ұйымдар: мектеп жанындағы шағын орталықтар мен жаңадан ашылған балабақша тәрбиешілеріне әдістемелік көмек беруде, жаңашыл әдістемелерді енгізу мен таратуда Талдықорған қаласында құрылған инновациялық орталық базаларында №3 «Балбөбек» сәбилер балабақшасы «Тәй-тәй» технологиясын қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, №7 ясли-бақшасы ТРИЗ технологиясын қолданудың тиімділігі, №2 Құрама үлгідегі ясли-бақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда «Денсаулық сақтау» технологиясының дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін қолдануда педагогтардың кәсіби құзыреттілін жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында ашық есік күндер өтті. Барлығы 104 педагог қамтылды.
Толығырақ... Оқылды: 498 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.05.2017

«Үздік ауыл мектебі -2017» байқауының нәтижесі

Алматы облысы әкімінің қолдауымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үздік ауыл мектебі» байқауы 2017 жылғы 23 мамырда Талдықорған қаласындағы №25 орта мектеп базасында өтті. Байқаудың қазылар алқасына «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау кафедрасының аға оқытушысы Абдрахимова Жадыра Жолдасбековна,білім беру және ғылым қызметкелерінің кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық қенесінің бас маманы Омарова Гульнар Сәкенқызы, Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығынң тренері Сатаев Медет Аманжолұлы, облыстық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Қабдұлова Алуа Жанатайқызы шақырылды. Байқауға аудандық кезеңнің жеңімпаздары 18 білім беру ұйымының ұжымы қатысты. Байқау нәтижесінде I орынға Кербұлақ ауданы Қарашоқы орта мектебі ие болды. II орынды Көксу ауданының Қ.Жалайыри атында...
Толығырақ... Оқылды: 547 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.05.2017
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.