A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

«Ағылшын тілі сабақтарында оқытудың тиімді тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру»

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 15 ақпанында Іле ауданы, Боралдай кенті №40 орта мектебі базасында ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, педагогтарға кәсіби қолдау көрсету мақсатында «Ағылшын тілі сабақтарында оқытудың тиімді тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Аталған шараға Қапшағай қаласы, Жамбыл, Балқаш, Қарасай, Іле, Талғар аудандырының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Жалпы – 87 педагог қамтылды.
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.02.2019

«Білім беру ұйымдарының дефектолог және логопед қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық оқыту семинары

«Сәтті қадам» жобасы аясында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 22 наурызда Талдықорған қаласы, №13 орта мектебі (арнаулы сыныптарымен) базасында «Білім беру ұйымдарының дефектолог және логопед қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық оқыту семинары өткізілді. Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытудың, түзете-дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен орта білім беру ұйымдарының дефектолог, логопедтері шебер-сыныптар арқылы өзара тәжірибе алмасты. Аталған шараға 58 арнайы мамандар қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.02.2019

«Білім беру үдерісіндегі жаңартылған білім мазмұнының қолданбалы аспектілері» тақырыбында облыстық семинар

Жаңартылған бағдарлама аясында бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Қарасай ауданы, жаңа қазақ орта мектеп базасында «Білім беру үдерісіндегі жаңартылған білім мазмұнының қолданбалы аспектілері» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Жалпы орта білім беру мекемелерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында сабақты жоспарлау, оқытудағы қалыптастырушы бағалау мен саралау жұмыстары туралы мәселелер талқылынды. Аталған шараға 55 педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.02.2019

Әдіскер шеберханасы

Жаңартылған бағдарлама аясында балабақша әдіскерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Еңбекшіқазақ ауданы «Нұршуақ» балабақшасы базасында «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттырудағы заманауи көзқарас» тақырыбында әдіскер шеберханасын өткізді. Аталған шарада әдіскерлермен «Балабақшадағы әдістемелік қызметті ұйымдастырудағы жаңашылдық», «Балабақшада тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсету жолдары» тақырыптарында іскерлік ойындар, шебер-класстар жүргізілді.
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.02.2019

«ШЖМ білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында фасилитациялы сессия

Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Әдістемелік кеңістік» жобасы аясында 2019 жылдың 22 ақпанында Ақсу ауданы, Е.Сиқымов атындағы орта мектебі базасында «ШЖМ білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында фасилитациялы сессия өтті. Мақсаты: мұғалімдерге тиімді әдістер мен тәсілдерді ұсыну арқылы білім сапасын арттыруға бағыттау, ой-пікірлерімен бөлісу. Аталған шараға ресурстық орталық пен магнитті мектептер мұғалімдері тартылды.
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.02.2019

Кәсіптік техникалық колледждер арасында туристік секциялар ұйымдастыру бойынша облыстық тәжірибемен алмасу, шеберлік сыныптары

Алматы облысы білім басқармасының дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы 2019 жылдың 21 ақпанда Талдықорған қаласы, Оқушылар сарайында Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдаған «Өз жеріңді танып, біл» атты жаппай мектеп туризмін жандандыру мақсатында Алматы облысының бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында «Кәсіптік техникалық колледждер арасында туристік секциялар ұйымдастыру бойынша облыстық тәжірибемен алмасу, шеберлік сыныптар» өткізді. Тәжірибемен алмасу және шеберлік сыныптар семинарына 60 адамнан артық кәсіптік техникалық колледждердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жастар ісі жөніндегі комитетінің басшылары және дене шынықтыру, география, тарих, алғашқы әскери дайындық пәнінің педагогтары қатысты. Облыстық семинарға - Алматы облыстық туризм ж...
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.02.2019

«С++ программалау тілінің мүмкіндіктері»

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 20-22 ақпан аралығында Панфилов ауданы, Алтынсарин атындағы орта мектеп базасында негізгі орта білім беру деңгейінің 8 сыныпқа арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыруда С++ программалау тілінің негізін үйрету, программалау тілдерін оқыту мен есептер шығарудың әдістеме жолдарын көрсету мақсатында информатика пәні мұғалімдеріне арналған «С++ программалау тілінің мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өткізілуде. Аталған оқыту семинарына жалпы орта білім беру ұйымдарының информатика пәнінің мұғалімдері қатыстырылды. Жалпы 25 педагог қамтылды.
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.02.2019

«Бала тәрбиесінің бүгінгі қоғамдағы маңыздылығы» тақырыбында облыстық семинар-кеңес

2019 жылғы 15 ақпанда Талдықорған қаласындағы М. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейінде балалар қауіпсіздігінің алдын алу, бала тәрбиесіне қоғамның назарын аудару және ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында білім басқармасының ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесінің бүгінгі қоғамдағы маңыздылығы» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өткізілді. Семинарға облыстық ПД-нің Жергілікті полиция қызметі, денсаулық сақтау басқармалары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы, облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы, республикалық «Право» қоғамдық қорының өңірлік «Шанс» орталығының директоры, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің тәрбие ісі жөніндегі мамандары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Қамқоршылық кеңестің төрайымдары, ата-аналар қауымдастығы, БАҚ өкілдері қатысты (150 адам). Семинар-кеңесте балалар қауіпсіздігінің, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтар мен...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.02.2019

«Білім саласындағы инновациялар: ізденіс және шешімдер» тақырыбындағы семинар- кеңес

2019 жылдың 19 ақпанында Қапшағай қаласындағы орта мектеп гимназия базасында «Білім саласындағы инновациялар: ізденіс және шешімдер» тақырыбында семинар өтті. Аталған шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Бибі Әбілкәрімова, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің бас сарапшысы Наужан Дидарбекова, техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің мазмұн және әдістемесі басқармасының басшысы Қаламқас Алғазинова және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева, бас маманы Райхан Қыдырбаева қатысып, аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары, мектеп және колледж директорлары, білім беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар қауымымен «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын, жоғарғы оқу орындарына қабылдау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өзекті мәселелері мен жетістіктері талқыланды. Жиынды...
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.02.2019

«Жаңартылған білім беру бағдарламасы: мазмұн, ізденіс, тәжірибе»

2019 жылы 15 ақпанда облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде құзіретті мамандарды қалыптастыруда инженер-педагогтарға әдістемелік көмек беру мақсатында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы: мазмұн, ізденіс, тәжірибе» тақырыбында әдістемелік десант жұмысын өткізді. Іс-шарада Шонжы политехникалық колледжінің инженер-педагогтары «Аспаз», «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандықтары бойынша ашық сабақ өткізіп, Жаркент гуманитарлық-техникалық, Шонжы политехникалық колледждерінің оқытушылары шебер-кластар арқылы тәжірибе бөліссе, диалогтық алаң аясында «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының штаттан тыс тренерлері құзіретті тәсілге негізделген модульді оқытудың ерекшеліктерін көрсетті. Әдістемелік десант жұмысына 40 инженер-педагог қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.02.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.