A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Баннеры

Видеотека

18.05.2018
18.05.2018
18.05.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Экстремизм мен терроризмге қарсы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы білім беру ұйымдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және болдырмау мақсатындағы бейнероликтерді жұмыс барысында пайдалану үшін ұсынады. 3-х минутные ролики в архиве (711 МБ) 43 секундный ролик (85 МБ) 30 секундный ролик (58 МБ) 57 секундный ролик (108 МБ) 34 секундный ролик (70 МБ)
Толығырақ... Оқылды: 917 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.02.2015

Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымды бағыттарын насихаттау мақсатында шаралар атқарылуда. Жоба 2014 жылғы 10 желтоқсанда өткен облыстық білім басқармасының кеңейтілген жиналысында талқыланды. Үстіміздегі жылдың 5 ақпанында облыстық «Нұр Отан» партиясы, облыстық прокуратура және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен облыстық білім басқармасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан қызметкерлерге 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымды бағыттары түсіндірілді. Облыстық білім басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі мекеме-ішілік іс-шаралар жоспары жыл сайын бекітіледі. 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өтетін алқа мәжілістерінде 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын насихаттау және...
Толығырақ... Оқылды: 1013 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.02.2015

Cелекторлық кеңес туралы

2015 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен он-лайн режімінде ұйымдастырылған селекторлық кеңесте жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың түлектерін жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сонымен қатар, әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы бойынша бірыңғай мемлекет органның қызметіне байланысты мәселелер талқыланды. Облыстық білім басқармасының басшысы Л.Базарқұлова жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 748 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.02.2015

«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу және оны шешу жолдары» тақырыбында

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында білім басқармасы облыстық Ішкі істер департаментімен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу және оны шешу жолдары» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинарға облыстық ІІД ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Ғ. Кұждақов, «Облыстық ата-аналар комитеті» ҚБ төрайымы Д. Қыдырбаева және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары, мектеп инспекторлары мен ата-аналар қауымдастығы қатысты. Семинар-кеңесте 2014жылы жасөспірімдер арасында орын алған құқықбұзушылықтар мен қылмыс жағдайы, отбасындағы қолайсыздық мәселелері кеңінен талқыланды. Семинар-кеңеске қатысушыларға мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде өткізу, аудандық, қалалық ішкі істер бөлімімен салыстырмалы есеп жүргізу, де...
Толығырақ... Оқылды: 1111 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.02.2015

Балалар үйендегі кездесу

2015 жылдың 28 қаңтарында білім басқармасының ұйымдастыруымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының азаматтарына отбасылық тәрбиеге орналастырудың баламалы нысандарын дамыту мақсатында Үштөбе балалар үйінің қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Алматы облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Сүлейменова, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бас маманы Ж.Болатқызы, Қаратал аудандық білім бөлімінің маманы Ә.Сембековамен балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін патронаттық тәрбиеге, қорғаншылық және қамқоршылыққа, отбасы үлгісіндегі балалар үйлеріне орналастыру мәселесі туралы толық түсінік берілді. Кездесу барысында балалар үйінің ұжымы қызығұшылық танытқан сауалдарына тиісті ақпарат алды.
Толығырақ... Оқылды: 676 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.02.2015

TIMSS, PISA халықаралық зерттеулер туралы облыстық семинар

2015 жылы 29 қаңтарда Қарасай ауданы Үшқоңыр орта мектебінің базасында география пәні мұғалімдерімен «TIMSS, PISA халықаралық зерттеулерін жүргізу аясында ғылыми-жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті. TIMSS, PISA халықаралық зерттеулеріне қатысатын мектеп мұғалімдеріне ғылыми-жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдарын көрсетті.
Толығырақ... Оқылды: 930 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.01.2015

«Жас маманның кәсіби шеберлігін жетілдірудің тиімді жолдары» тақырыбында аймақтық семинары

2015 жылы 27-28 қаңтар аралығында Панфилов ауданы Луначарскиий атындағы ОМ аясында «Жас маманның кәсіби шеберлігін жетілдірудің тиімді жолдары» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Жас мамандардың кәсіби өсуіне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өткізілген семинарда облыстық әдістемелік кабинет әдіскерлері «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары», «Сабаққа талдау жасаудың түрлері», «Жас маманды педагогикалық ұжымға бейімдеу жолдары» тақырыбында жұмыстар жүргізді.
Толығырақ... Оқылды: 742 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.01.2015

«Критериалды бағалау – қалыптастырушы бағалаудың бір түрі» тақырыбындағы облыстық семинар

2015 жылы 23 қаңтарда Талдықорған қаласындағы №19 мектеп-гимназиясы базасында «Критериалды бағалау – қалыптастырушы бағалаудың бір түрі» тақырыбында облыстық әдістемелік кабинет пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы бірлескен облыстық семинар өтті. Семинар барысында қалыптастырушы бағалаудың оқушы жетістігін арттырудағы ынталандыру құралы екендігі және бағалау критерийлерінің сабақ мақсатына сәйкестігі, қалыптастырушы бағалаудың түрлері талқыланды.
Толығырақ... Оқылды: 1226 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.01.2015

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғайтын заңнамаларды қолд

2015 жылдың 16 қаңтарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын орындау, аталған санаттағы балаларды отбасына орналастыруда мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының қызметтерін үйлестіру мақсатында «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар құқығын қорғайтын заңнамаларды қолдану туралы» тақырыбында оқыту семинар өткізілді. Семинар жұмысына облыс әкімі аппаратының (мемлекеттік қызмет мониторингі бөлімі) өкілі Е.Сәбитов, аудандық, қалалық білім бөлімдері мамандары қатысты. Семинар барысында семинар қатысушыларға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы қолданылатын заңнамалар бойынша қосымша ақпарат беріліп, «Қараусыз, қадағалаусыз қалған балалар», «Отбасына орналастырылған балалар» атты бейнероликтер көрсетіліп, жетім балалар мен ата...
Толығырақ... Оқылды: 869 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.01.2015

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Сіздерді Жаңа 2015 жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.
Толығырақ... Оқылды: 715 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.12.2014
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.