A - Шрифтің өлшемі A +

Навигация

Ақпарат

Проблема с файлом блока!

Видеотека

22.11.2018
22.11.2018
22.11.2018

Смотреть все видео →

Жаңалықтар

Облыстық «Алау» әскери-спорттық ойыны

2016 жылғы 21-22 сәуірде білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы №5514 әскери бөлімінің негізінде өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жетілдіру мақсатында 7-8 сынып оқушылары арасында облыстық «Алау» әскери-спорттық ойыны өткізілді. Ойынға аудан, қала мектептерінің және облыстық мектеп-интернатынан барлығы 20 команда қатысты. Ойын 9 номинация бойынша өткізілді: «Патриоттық ән», «Атамекен» бағдарламасы бойынша «Сөнбес жұлдыздар», «Асыл мұра», «Ардагер» бағыттары бойынша өлкетану-зерттеу жұмыстарын қорғау, «Пневматикалық мылтықтан ату», «Саптық байқау», «Салтанатты шерумен өту», «1500 метрге жүгіру», «Кермеге тартылу (ер балалар)», «Жерден серпілу (қыз балалар), «Жауынгерлік үнпарақ». Ойын қорытындысы бойынша 1 орын Көксу ауданының «Айбын» командасы, 2 орын Еңбекшіқазақ ауданын...
Толығырақ... Оқылды: 790 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.04.2016

«Дара» қайырымдылық қоры және «Самұрық-Қазына» Ұлттық фонды коррекциялық кабинетке демеушілік көмек көрсетті

Талдықорған қаласының №1 Психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинетінің әдістемелік, дидактикалық базасын жаңарту мақсатында «Дара» қайырымдылық қоры және «Самұрық-Қазына» Ұлттық фонды 2016 жылдың 14 сәуір күні коррекциялық кабинетке демеушілік көмек көрсетті. Алматы Халықаралық Әйелдер Клубының (AIWC) өкілдері, бас-директор Айгүл Шамшилдаеваның бастауымен, «Дара» қайырымдылық қорының менеждері Оралай Бектурованың қатысуымен Монтессори кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін мұндай материалдар нәтижелілікке жетудің таптырмас құралы болып табылады. Монтессори бөлмесінде балалар өз бетімен әлеуметтік ортаға бейімделуге, сенсорлы, математикалық білімдерін шыңдауға, сөйлеу тілін дамытуға мүмкіндік алады. Емдік дене шынықтыру бөлмесіне арналған «Вертикализатор», «Жүруге арналған қанат» тренажерлары арқылы тірек-қимыл аппаратының бұзылуы бар балалармен емдік дене жаттығуларын орындау қолжеті...
Толығырақ... Оқылды: 1079 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.04.2016

Шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» облыстық балалар шығармашылық фестивалі

2016 жылдың сәуір айының 5-і күні І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» облыстық балалар шығармашылық фестивалі өткізілді. Фестивальдің мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін дамыту. Фестивальдің әр қатысушысының ерекше жеке шығармашылық әлеуетінің ашылуына қолдау және көмек көрсету. 2016 жылдың 10-18 наурыз күндері аралығында облыстың аудан, қалаларында іріктеу кезеңі өтіп, 300 балаға жуық оқушы қатысты. Облыстық фестивальға өңірлік кезеңнің жеңімпаздары 80-ге жуық бала қатысты. Фестиваль 6 номинация бойынша өтті. Олар, хореография, вокал, аспаптық орындау, жест әні бойынша орындау, сәндік-қолданбалы шығармашылық, бейнелеу өнері номинациялары. Фестивальдің әр қатысушысына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.
Толығырақ... Оқылды: 862 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 21.04.2016

«Асыл бала» атты республикалық акция

2016 жылдың 30 наурыз күні «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері Талдықорған қаласындағы өткен «Асыл бала» атты республикалық акцияға қатысты. Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің орындауында «Наурыз», «Гүлдене бер, Қазақстан!» әндері шырқаса, «Джеккей» би тобы заманауи «Ұлы дала» биін қатысушылардың назарына ұсынды.
Толығырақ... Оқылды: 839 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.04.2016

«Ойындар мен шығармашылық аймағы» тақырыбында іс-шара

Тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді пайдалануды, олардың қабілеттерін ашу, денсаулықтарын нығайту мақсатында «ҚОС ҚАНАТ ЖЕТІСУ» қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 13 сәуір күні «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» «Ойындар мен шығармашылық аймағы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Шараның бағдарламасы негізінде «Адам және оның денсаулығы» атты викториналар, қозғалмалы ойындар мен «Қызықты аппликация» мастер-класы өткізілді. Бұл кездесу кішігірім мерекеге айналды.
Толығырақ... Оқылды: 768 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.04.2016

Мектепке дейінгі ұйымдарда Н.А.Зайцев әдістемесін енгізудің тиімділігі

2016 жылы 8 сәуірде облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, Талдықорған қаласындағы инновация бағытында жұмыс жасайтын №45 «Арман» балабақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда Н.А.Зайцев әдістемесін енгізудің тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Н.А.Зайцев әдістемесін қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды ерте жастан оқытуда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, әдістемелік қолдау мақсатында өткен облыстық семинардың жұмысына қала және аудандардан мектепке дейінгі ұйымдарының 82(балабақшалар мен шағын-орталықтар) педагогтері қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 1009 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.04.2016

Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу тәрбие үрдісінде «Step by step» технологиясын қолдану тиімділігі

2016 жылы 7 сәуірде облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, Талдықорған қаласындағы инновация бағытында жұмыс жасайтын №3 «Балбөбек» сәбилер балабақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу тәрбие үрдісінде «Тәй-тәй» технологиясын қолдану тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. «Тәй-тәй» технологиясы негізінде белсенділік орталықтарында оқу іс-әрекеттерін кіріктіре отырып ұйымдастыру және оған отбасын қатыстыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында өткен облыстық семинардың жұмысына қала және аудандардан мектепке дейінгі ұйымдарының 84(балабақшалар мен шағын-орталықтар) педагогтері қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 1030 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.04.2016

Республикалық І. Жансүгіров оқулары

Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 19-20 мамыр аралығында Алматы облысы, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында республикалық Ілияс Жансүгіров оқулары өтеді. Республикалық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілетін І. Жансүгіров оқуларының міндеттері мен мақсаттары: республиканың жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында І.Жансүгіровтың шығармаларын насихаттау; республикалық жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау; І. Жансүгіровтың прозалық, драматургиялық шығармаларымен және ғылыми зерттеулерімен танысып, ол туралы өз ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білу дағдысын анықтау; 2. Мүшәйраның шарттары: Ілияс Жансүгіров оқуларын өткізу төрт номинациядан тұрады. 1-номинация: І. Жансүгіров оқуларына қатысушы автордың прозалық немесе поэзиялық шығармасын таңдап алып, шығарма немесе жазбаша талдау жасап комиссия мү...
Толығырақ... Оқылды: 1192 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.04.2016

«Үздік командир» байқауы

2016 жылғы 11 сәуірде білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясы негізінде мектеп оқушыларына взвод командирі міндетінің жауапкершілігін ұғындыру, оқушыларды білімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 10 – 11 сынып оқушылары арасында «Үздік командир» байқауы өткізілді. Байқауға аудан, қала және облыстық мектеп-интернаттарының оқушылары 22 бала қатысты. Байқау 7 кезең бойынша өткізілді: «Өзін-өзі таныстыру», «Жігітке жеті өнерде аз», «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Ашық хат жасау», «Үй жұмысына ептілігін көрсету», «Автоматты жартылай шашу және жинау реті», «Күш атасын танымас». Байқаудың қорытындысы бойынша 1 орын Текелі қаласы №5 орта мектеп оқушысы Тоқтаров Игілік Мұратұлына, 2 орын Панфилов ауданы, Кобиков атындағы орта мектеп оқушысы Насыр Мерей Ескелдіұлына, 3 орын Іле аудан...
Толығырақ... Оқылды: 565 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.04.2016

Облыстық директорлар Кеңесінің практикалық жұмысы

2016 жылдың 7 сәуірінде Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында Алматы облыстық директорлар Кеңесінің практикалық жұмысы өтті. Кеңес отырысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік Қоғамының Филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымының кандидаты М.Валиева, Ұйғыр, Панфилов, Кербұлақ және Райымбек аудандарының мектеп директорлары қатысты. Өткізілген іс-шараның басты мақсаты: Нәтижеге бағытталған білім беруде мектеп ісін басқару мен үйлестірудің тиімді жолдарын қарастыру. Директорлар Кеңесінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. М.Валиева «Білім мекемесі қызметін инновациялық басқару және жоспарлау» тақырыбында тренинг, директорлар Кеңесінің төрайымы А.Нұрбатырова...
Толығырақ... Оқылды: 824 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.04.2016
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.